Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Математикадан аудандық олимпиада, 2019-2020 оқу жылы, 10 сынып


Полные решения этих задач опубликованы в книге, доступный для заказа по ссылке
Есеп №1. Коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең бүтін коэффициентті көпмүше жақсы деп аталады. Жақсы көпмүшелердің көбейтіндісі тағы да жақсы көпмүше болатынын дәлелдеңіз.
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Сүйірбұрышты ABC үшбұрышында H — ортоцентр, ал D және E нүктелері — сәйкесінше B және C төбелерінен түсірілген биіктіктердің табандары. Диаметрі DE болатын шеңбер AB және AC қабырғаларын тағы бір рет сәйкесінше F және G нүктелерінде қияды. FG және AH кесінділері K нүктесінде қиылысады. Егер BC=25, BD=20 және BE=7 болса, AK кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
комментарий/решение(5)
Есеп №3. x2+y2+z2=2019 теңдеуінің барлық натурал сан шешімдерін табыңыз.
комментарий/решение(2)
Есеп №4. ABC үшбұрышының ішінен P нүктесі таңдап алынған. Егер APB, BPC, CPA үшбұрыштарына сырттай сызылған шеңберлердің радиустары өзара тең болса, P нүктесі ABC үшбұрышының ортоцентрі екенін дәлелдеңіз.
комментарий/решение(1)
Есеп №5. {ai} сандар тізбегі былайша анықталған: a0=0 және n=0,1,2, үшін an+1=1010an+(101021)a2n+1. Тізбектің әрбір мүшесі бүтін сан екенін және оның жұп нөмірлі мүшелерінің әрқайсысы 2020-ға бөлінетінін дәлелдеңіз.
комментарий/решение(1)
Есеп №6. Өлшемі 16×16 тіктөртбұрыш кесте 0 мен 1 сандарымен толтырылған. Кез келген екі баған алсақ, осы бағандардан тең элементтер жазылған қатарлардың саны 9-дан кем. Кестедегі 0-дердің саны 160-тан аспайтынын дәлелдеңіз.
комментарий/решение