2-я олимпиада им. Шалтая Смагулова, 7 класс, 1 тур, 2017 г.
Есеп №1. S=999…9⏟100 рет:99 болсын. S санының цифрларының қосындысын табыңыз.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. a2+4b2=2a−1 теңдеуін қанағаттандыратын барлық (a;b) жұптарын табыңыздар.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. Әртүрлі төрт натурал санның көбейтіндісі 100-ге тең. Олардың қосындысы нешеге тең?
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №4. Олимпиадада оқушыға 20 есеп берілді; оның 10 есебі 2 ұпаймен бағаланады, қалғандары 3 ұпаймен. Нәтижелер шыққанға дейін ол 26 ұпай жинадым деп ойлады, себебі есептерге берілетін ұпайларды шатастырып алды: екі ұпайлық есептерді үш ұпайлықтармен, үш ұпайлықтарды екі ұпайлықтармен. Шын мәнінде ол 24 ұпай жинады. Олимпиадада ол барлығы неше есеп шығарды (үш ұпайлық және екі ұпайлық есептерді санағанда)?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №5. ABC үшбұрышында оның MC медианасы AB қабырғасына тең. MC қабырғасының ортасы D болсын. ADB бұрышын табыңыз.
комментарий/решение(4)
комментарий/решение(4)
Есеп №6. a санын алу үшін b санын кубтау керек, b санын алу үшін c санын квадраттау керек. a санын алу үшін c санын қандай дәрежеге шығару керек?
комментарий/решение(4)
комментарий/решение(4)
Есеп №7. Санның цифрларының көбейтіндісі мен цифрларының қосындысының көбейтіндісі 84-ке тең болатындай екі таңбалы санға мысал келтіріңіз.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №8. 101 далматинецтердің 29-ында дақ тек сол жақ құлақтарында бар, 17-сінде – тек оң жақ құлақтарында, ал 22-сінде мүлде құлақтарында дақ жоқ. Оң жақ құлағында дағы бар далматинецтер нешеу?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №9. AB кесіндісі суретте көрсетілгендей сынық сызықпен кесілген. Бұл ретте 5 шаршы пайда болды. AB 10-ға тең болса, AA1A2…A10B сынығының ұзындығы нешеге тең?
комментарий/решение(5)
комментарий/решение(5)
Есеп №10. Тіктөртбұрышты кесте горизонталь және вертикаль түзулермен бірлік шаршыларға бөлінген және әр шаршыға бір саннан жазылған. Кестеде 8 баған бар, әр бағандағы сандардың қосындысы 10-ға тең, ал әр жолдағы сандардың қосындысы 20-ға тең. Кестеде неше жол бар?
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №11. Төрт ұста 5 атты тағалау керек. Бір тағаға бір ұста 5 минут құртса, ал ат екі аяқта тұра алмаса, онда олар 5 атты ең кем дегенде қанша уақытта тағалайды?
комментарий/решение(11)
комментарий/решение(11)
Есеп №12. Бөлшектің алымын 50%-ке арттырды. Бөлшек үш есе арту үшін бөлшектің бөлімін неше пайызға кеміту керек?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №14. x⋅y2=22017 теңдеуін қанағаттандыратын (x;y) натурал сандарының қанша жұбы бар?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №15. Егер натурал n санына оның цифрларының қосындысын қосса, 2018 саны шығады. Осындай барлық n саның табыңыздар.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №16. n! белгісі арқылы 1-ден n-ге дейінгі барлық натуралды сандардың көбейтіндісін белгілейік. Вася n!, (n+1)!, (n+2)!, (n+3)!, (n+4)! сандарының барлығы төрт нөлмен аяқталатының байқады. (n+5)! саны неше нөлмен аяқталады?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №17. Бүтін n санының екі натурал бөлгіші бар, ал n+1 санының үш натурал бөлгіші бар. n+2 санының неше натурал бөлгіші бар?
комментарий/решение(12)
комментарий/решение(12)
Есеп №18. Екі велошабандоз бір уақытта, бір-біріне қарама-қарсы бағытта 11 және 14 км/сағ жылдамдығымен жолға шығады. Ең басында 2 велошабандоз арасындағы ара-қашықтық 75км құрады. Бірінші велошабандозбен бір уақытта және бір бағытта 15км/сағ жылдамдықпен шыбын ұшып шығып, екінші велошабандозбен кездескен кезде шыбын кері бұрылып бірінші велошабандозға қарай ұша бастайды. Шыбын осы әрекетін қайталап екі велошабандоз бір-бірімен кездескенге дейін араларында ұшып жүреді. Шыбын қанша км ұшып өтті?
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №19. Төмендегі суретте көрсетілген кубтың қырларымен жүргізілген диагональдері арасындағы бұрышты тап?
комментарий/решение(2)
комментарий/решение(2)
Есеп №20. Бір түзуде 9 нүкте белгіленген, және екінші түзуде тағы 9 нүкте белгіленген. Осы екі түзудің қиылысу нүктесін 19-шы нүкте ретінде алған. Төбелері осы нүктелерде болатын қанша үшбұрыш бар?
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)