Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Областная олимпиада по физике 2017, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  [7 ұпай]. Массалары m және 4m болатын екі төлке (втулка) түзусызықты горизонталь шабақтың (спицы) маңында үйкеліссіз сырғи алады (суретті қараңыз). Массасы m төлке өзіне бекітілген қатаңдығы k болатын жеңіл серіппемен бірге ϑ жылдамдықпен қозғалады. Массасы 4m төлке тыныштықта тұр. Төлкелердің өлшемдері серіппе ұзындығынан әлдеқайда кіші. Келесі шамаларды анықтаңыз:
а) серіппеден ажырағаннан кейінгі массасы 4m болатын төлкенің жылдамдығын;
б) массасы 4m болатын төлкенің серіппемен жанасу уақытын.


комментарий/решение(1)
Есеп №2.  [7 ұпай]. Радиусы R және массасы M болатын ғаламшар бетінен горизонталь бағытта, ϑ0 бастапқы жылдамдығы осы ғаламшар үшін екінші ғарыштық жылдамдықтың 80% құрайтын, снаряд ұшырылады. Снаряд, ғаламшар центрінен қандай r максималь қашықтыққа алыстайды, және де ол ұшу уақытында қандай ең кіші жылдамдыққа ие болады? Ғаламшардың атмосферасы жоқ, оның айналуын ескермеңіз. Гравитациялық тұрақты G.
комментарий/решение
Есеп №3.  [9 ұпай]. Электрлік тізбектегі K кілт тұйықталған (суретті қараңыз). Содан соң бұл кілтті ажыратады. Келесі шамаларды анықтаңыз:
а) K кілтті ажыратқаннан кейін ЭҚК-і ε1 болатын батарея арқылы өтетін зарядты;
б) K кілтті ажыратқаннан кейін тізбекте бөлініп шыққан жылу мөлшерін.
Келесі шамаларды белгілі деп есептеңіз: R, L, C, ε1 және ε2.


комментарий/решение
Есеп №4.  [7 ұпай]. Массасы m және кинетикалық энергиясы K болатын релятивистік бөлшек массасы дәл осындай тыныштықта тұрған бөлшекке соқтығысады. Соқтығыстың нәтижесінде пайда болған құрама бөлшектің M массасы мен ϑ жылдамдығын табыңыз (суретті қараңыз).


комментарий/решение(1)