Областная олимпиада по физике 2015, 10 класс, теоретический тур
Есеп №1. Шексіз көлбеу жазықтық көкжиекпен α=30∘ бұрыш жасай орналасқан. Ол жазықтықта тиын тыныштықта тұр. Тиын мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті μ=√3/3. Бастапқы жылдамдық векторы көлбеу жазықтыққа параллель және горизонталға төмен қарай β=α=30∘ бұрышпен көлбеу бағытталатындай, тиынға бастапқы ϑ0 жылдамдық беріледі (суретті қараңыз). Айтарлықтай көп уақыт өткен соң, тиын ϑ=3 см/с жылдамдыққа ие болады. Бастапқы ϑ0 жылдамдығының шамасын табыңыз. (9 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Цилиндрде поршеннің астында 100 кПа қысымда 10 г қаныққан су буы бар. Цилиндрге температурасы 0∘ С болатын 5 г су себеді. Осы кезде поршень қаншалықты төмендейді? Поршень қимасының ауданы 100 см2. Цилиндрдің жылусыйымдылығы мен поршень массасын ескермеуге болады. Универсал газ тұрақтысы 8,31 Дж/(моль⋅ К), судың молярлық массасы 0,018 кг/моль, су тығыздығы ρсу=103 кг/м3, ал судың меншікті жылусыйымдылығы мен меншікті булану жылуы сәйкесінше 4,2 кДж/(кг⋅ К) және 2,26⋅103 кДж/кг тең. (7 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. Суретте келтірілген схемада, бастапқы мезетте K кілт тұйықталған, ал U=3 B кернеуге дейін зарядталған конденсаторлар сыйымдылығы бірдей C=2 мкФ. Кілтті ажыратып, айнымалы конденсатор сыйымдылығын C/2 мәніне дейін төмендетеді, одан кейін K кілтті тұйықтайды. Содан соң, кілтті қайтадан ажыратып, айнымалы конденсатор сыйымдылығын алдыңғы C мәніне дейін жеткізеді де K кілтті тұйықтайды. Кедергіден қандай жылу мөлшері бөлініп шығады? (8 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. Газдың жоғарғы температурасын ұстап тұратын ішкі энергия көздері сарқылған кезде, тартылыс күшінің әсерінен, Күн қандай-да бір минималды радиусқа дейін сығылады және оны «күн пульсары» деп атайды. «Күн пульсарының» минималды радиусын және өз осінің маңындағы айналу периодын табыңыз. Күнді біртекті шар деп есептеңіз. Күннің радиусы RК=7⋅108 м, өз осінің маңында айналу периоды TК=2,2⋅106 с. Күн массасы MК=2⋅1030 кг. Біртекті шардың инерция моменті I=2/5 mR2. Гравитациялық тұрақты G=6,7⋅10−11 (H⋅ м2)/кг2. (8 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение