Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Республиканская олимпиада по физике 2013, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  (9.5 ұпай)
Бұл есеп тәуелсіз үш бөлімнен тұрады.
Бөлім А (5.5 ұпай)
Радиусы R карусельдің солтүстік шетінде массасы m объект орналасқан. Карусель тұрақты β бұрыштық үдеумен сағат тілі бағытымен айналады (үстінен қарағанда). Дене мен карусель арасындағы үйкеліс коэффициенті — μs.


а) Қандай t0 уақыт мезетінде дене карусельге қатысты сырғанап бастайды?
б) Дене карусель бойымен сырғанай бастағандағы ϑ жылдамдығы үшін өрнек жазыңыз;
в) μs=0.50, β=0.20 с2, R=4.0 м деп болжайық. Дене сырғанай бастағанда солтүстіктен сағат тілі бойынша дене қандай α бұрышпен және қандай жылдамдықпен сырғанайды? Еркін түсу үдеуі g=9.8 м/с2.
Бөлім Б (1.5 ұпай)
Судың температурасын өлшеу үшін суға термометр енгізілді және ол t1=50 С көрсетті. Суға енгізуден бұрын термометр бөлме температурасын t0=18 С көрсетті. Тәжірибені қайтадан жасайды және екі термометрді пайдаланады. Олардың көрсеткіштері — t2=40 С. Судың алғашқы θ температурасын табыңыз.
Бөлім В (2.5 ұпай)
Суретте көрсетілген электрлік схемаға екі амперметр және вольтметр қосылады. Өлшегіш құрылғылардың көрсеткіштері келесідей:V1=10.0 В, V2=10.5 B, I2=50 мА, I2=70 мА. R резистор кедергісін табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №2.  (11 ұпай)
Суретте көрсетілген алғашқы орналасудан горизонталь жазықтыққа массасы M боулинг шары және массасы m гольф допы бір уақытта лақтырылады. Шар мен доп центрлерін қосатын түзу вертикальмен α бұрышын жасайды. Боулингке арналған шар мен гольфқа арналған доп радиустары h-тан біршама кіші. Кейінгі қозғалыстар келесідей болады: боулингке арналған шар алдымен жазықтықпен соқтығысады, сосын гольф добын соғады. Барлық соқтығыстарды абсолют серпінді деп санаңыз, үйкелісті және ака кедергісін ескермеңіз. Еркін түсу үдеуі g.

  1. Алғашқы соқтығысқа дейін боулингке арналған шардың ϑ1 жылдамдығы мен гольф добының ϑ2 жылдамдығы неге тең? Олар қайда бағытталған?
  2. Екінші соқтығысқа дейін боулингке арналған шардың u1 жылдамдығы мен гольф добының u2 жылдамдығы неге тең? Олар қайда бағытталған?
  3. Екінші соқтығыстан кейін боулингке арналған шардың w1 жылдамдығы мен гольф добының w2 жылдамдығы неге тең? Олар қайда бағытталған?
  4. Боулингке арналған шармен соқтығысудың алдында қандай l қашықтықта гольф добы құлайды?
  5. Енді M=m деп алыңыз. l-дың максималь мәні қандай және ол қандай α бұрышта максималь болады?

комментарий/решение
Есеп №3.  (5.5 ұпай)
Ішкі диаметрі D, өлшемді стаканда диаматері d ағаш цилиндр жүзіп жүр. Цилиндрдің төменгі шеті VOH=70 мл деңгейінде тұр, ал стакандағы су көлемі VOB=120 мл. Цилиндрдің осі вертикальды болатындай, цилиндрді спицамен суға батырады. Су деңгейі Vb және цилиндрдің төменгі шеті VH өлшенеді.

1 мл қателіктен аспайтын қателіктері бар, экспериментальдық мәліметтер келесі кестеде көрсетілген:


а) Цилиндр жасалған ағаштың тығыздығын анықтаңыз;
б) D/d диаметрлер қатынасын табыңыз;
в) Цилиндрді суға енгізгенге дейінгі судың көлемін табыңыз.
Судың тығыздығы —ρ0=1000 кг/м3.
комментарий/решение
Есеп №4.  (4,0 ұпай)
Қуаты P қыздыру шамының жібі цилиндр тәрізді және ұзындығы L, радиусы a. n — қандай да бір сан, қуаты nP болатын цилиндр тәрізді, сол материалдан жасалған, сәулелену спектрі өзгермеген қыздыру шамының жібін жасау керек. Жаңа жіптің an радиусы және Ln ұзындығы қандай болуы тиіс? Лампа тек сәулеленуге энергия жоғалтатынын ескеріңіз.
комментарий/решение