Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Областная олимпиада по физике 2014, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы m дене, радиусы R және массасы M=m жарты сфераның төбесінен сырғанайды. Жазықтықтың O нүктесінен қандай қашықтыққа дене түседі? Осы уақыт мезетінде жарты сфераның центрі, жазықтықтың O нүктесінен қандай қашықтықта орналасады? Дене мен жарты сфераның, сондай-ақ жарты сфера мен жазықтықтың арасында үйкеліс жоқ. Еркін түсу үдеуі g. (8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Радиусы R өте ұзын металл цилиндр өзінің осінің маңында Ω бұрыштық жылдамдықпен айналады. Келесі шамаларды анықтаңыз:
1) цилиндр ішіндегі электр өрісінің кернеулігін;
2) цилиндр осі мен жанғы бетінің арасындағы потенциалдар айырымын;
3) цилиндр ішіндегі зарядтардың көлемдік тығыздығын;
4) цилиндрдің жанғы бетінің зарядтарының беттік тығыздығын. Есепті шешуге керекті барлық тұрақтыларды берілген деп есептеуге болады. Релятивистік эффектілерді ескермеңіз. (9 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  Тропосфера қалыңдығы шамамен 1015 км болып келетін жер атмосферасының ең төменгі қабаты. Ауаның эффективті алмасуына әкелетін, тұрақты түрде болып тұратын конвективті процестердің арқасында тропосфераны адиабатты деп есептеуге болады. Ауаның молярлық массасы — μ=29,0 г/моль екіатомды газ деп есептеп, тропосфера биіктігіне қатысты температураның ΔT/Δh өзгеру жылдамдығын анықтаңыз. Универсал газ тұрақтысы R=8.31 Дж моль/К, еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2. (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  О нүктесі арқылы өтетін горизонталь оське, массасы m1=0,2 кг және ұзындығы l=0,2 м жіңішке біртекті стержень шарнирлі бекітілген (суретті қараңыз). Массасы m2=10 г және ϑ=10 м/с жылдамдықпен қозғалған кішірек ермексаздан жасалған шарик, a=l/3 қашықтықта стерженнің жоғарғы ұшына соқтығысады да жабысып қалады. Соқтығыстан кейінгі мезетте бірден стерженнің төменгі ұшының сызықты жылдамдығын және айналмалы қозғалысының бұрыштық жылдамдығын табыңыз. (6 ұпай)


комментарий/решение(1)