Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Областная олимпиада по физике 2013, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы m0=1 т көлденең қимасы S=5 м2 зымыран, қозғалтқышының өшірілген күйінде ұшып келе жатып, тозаң бұлтына тап болады. Әрбір тозаңның массасы m1=106 кг, олардың концентрациясы n=104 м3, ал олардың зымыранмен соқтығысы абсолютті серпімсіз. Егер бұлттан өткеннен кейін зымыран жылдамдығының 1% жоғалтқан болса, онда бұлттың l ені қандай болған? (8 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  t=27 С температурада, p1=5105 Па қысымда орналасқан массасы m=2 кг газды изотермиялық түрде сығу кезінде оның көлемі 3 есе ұлғаяды. Сығу жұмысы A=1,4103 кДж. Қандай газ изотермиялық сығылуға ұшыраған және оның бастапқы көлемі қандай болған? (7 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3.  Екі ұзын, тегіс, параллель, горизонталь және өткізгіш штангаларда массасы M өткізгіш Π жалғастырғыш (перемычка) жатыр (1-сурет). Штангалардың арақашықтығы l. Кедергісі R резистор және ажыратылған K кілт арқылы штангаларға тұрақты ЭҚК-і бар батарея қосылған. Штангалар, B индукциясы бізден, сурет жазықтығына перпендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісінің аймағында орналасқан. Кілтті тұйықтағаннан кейін орныққан режимде жалғастырғыш (перемычка) ϑ0 жылдамдыққа жетеді. Батареяның ішкі кедергісін және штангалар мен жалғастырғыштың (перемычка) кедергісін ескермей, кілтті тұйықтағаннан кейін бірден жалғастырғыштың (перемычка) үдеуін анықтаңыздар. (9 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №4.  Электронды-сәулелік түтікшеде электрондар ағынын сипаттайтын ток күші I=400 мкА, үдеткіш кернеу U=10 кВ, электрон зарядының массасына қатынасы γ=1,71011 Кл/кг. Барлық электрон экранмен жұтылады деп есептеп, электрон сәулесінің түтікше экранына әсер ететін қысым күшін табу қажет. (6 ұпай)
комментарий/решение