Областная олимпиада по физике 2013, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Өлшемдері $10\times 10\times 10$ см болатын куб пішінді қуыстың түбінде, диаметрі $10$ см-ден сәл ғана кіші шар жатыр. Шар қуыстың түбіне жанаса отырып қалқи бастағанша, қуысқа тығыздығы $\rho=1000$ кг/м$^3$ су құяды. Бұдан кейін қуысқа тағы $m=250$ г су құяды, сол кезде қуыс толығымен суға толады (1-сурет). Бастапқыда қуысқа қанша су құйылған? Шар материалының тығыздығы қандай? Биіктігі $h$ шар сегментінің көлемі $\Delta V=\pi\cdot h^2(3d/2-h)/3$ тең, мұндағы $d$— шар диаметрі.(8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Бильярд шары сырғанамай горизонталь жазықтық бойымен $\vartheta_0$ жылдамдықпен домалап, тыныштықта тұрған дәл осындай бильярд шарына серпімді соқтығысады, және де центрлер сызығы қозғалыс жылдамдығынының бағытымен сәйкес келеді. Бильярд шарларының қозғалысы таза домалауға ауысқаннан кейінгі екі шардың да жылдамдықтарын табыңыздар. Бастапқы кинетикалық энергияның қандай бөлігі жылуға айналады? Соқтығысу кезінде айналмалы қозғалыс берілмейді деп ескеру қажет. (9 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Жылудан оқшауланған екі ыдыс бар. Бірінші ыдыста температурасы $t_1=60^{\circ}$ С болатын $5$ л су бар, екіншісінде — температурасы $t_2=20^{\circ}$ С болатын $1$ л су бар. Бастапқыда бірінші ыдыстан екінші ыдысқа судың бір бөлігін құяды. Одан кейін, екінші ыдыста жылулық тепе-теңдік орнаған кезде, ыдыстардағы су көлемдері бастапқы қалпына келу үшін дәл сондай су мөлшерін бірінші ыдысқа қайтадан құяды. Осы әрекеттерден кейін бірінші ыдыстағы су температурасы $t_1=59^{\circ}$ С тең болды. Бірінші ыдыстан екінші ыдысқа және қайтадан кері қанша су құйылған? (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Суретте (2-сурет) келтірілген тізбек бірдей резисторлар мен бірдей вольтметрлерден құрылған. Бірінші және үшінші вольтметрлердің көрсеткіштері сәйкесінше $U_1=10$ В, $U_3=8$ В. Екінші вольтметрдің көрсеткішін табыңыздар? (6 ұпай)


комментарий/решение