Районная олимпиада по физике 2014, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Туыстарын поездға шығарып салған бала, соңғы вагонға қарай $0,5$ м/с жылдамдықпен жүреді. Бала кеткеннен кейін $1,5$ минуттан соң поезд станция бекетінен $0,2$ м/с$^2$ үдеумен қозғалады. Осы мезетте бала жолаушыларға билеттерін бермегендігін есіне түсіріп, туыстары отырған вагонды қуып жетпекші болып, поезд соңынан $5$ м/с тұрақты жылдамдықпен жүгіреді. Бала туыстарына билеттерді бере алады ма? (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  Массалары $m$ бірдей $n+1$ жүкшелер бір-бірімен $n$ бірдей серіппелермен байланысқан. Шеткі жүкшеге әсер ететін $F$ күшінің әсерінен жүйе $a$ үдеумен горизонталь бағытта қозғалады. Егер жүктер мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті $\mu$, ал серіппелердің қатаңдығы $k$ болса, $F$ күшінің шамасы және әрбір серіппенің ұзындығының өзгеруі қандай болғаны? (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Ұзын горизонталь жылтыр бос түтікте екі поршень бар. Олар түтік бойымен кедергісіз қозғала алады. Поршеннің бірінің массасы $1$ кг, ал екіншісі одан екі есе ауыр. Бастапқы мезетте поршендердің арасында температурасы $300$ К, бір моль оттегі бар, ал ауыр поршень осы кезде тыныш тұрған жеңіл поршенге қарай $1$ м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Осы үрдістегі газдың ең үлкен температурасы неге тең? Жетерліктей көп уақыт өткеннен кейінгі поршендердің жылдамдықтарын анықтаңыз. Түтік қабырғасы мен поршендердің жылусыйымдылығын елеместей аз деп есептеңіз, ал жылуөткізгіштікті ескермеуге болады. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Егер электролиз $10$ В кернеумен жүргізіліп, ал барлық қондырғының ПӘК-і $80\%$ құрайтын болса, онда $1$ кг алюминий алу үшін қанша электрэнергиясы қажет? Алюминийдің атомдық массасы $A=27$, валенттілігі $n=3$. (5 ұпай)
комментарий/решение