Районная олимпиада по физике 2014, 8 класс, теоретический тур
Есеп №1. Суы бар екі бірдей ыдысқа (біріншісінде су массасы m1=0,1 кг температурасы t1=45∘ C, ал екіншісінде m2=0,5 кг температурасы t2=24∘ C), бірдей сынап құяды. Жылулық тепе-теңдік орнаған соң екі ыдыстағы температура бірдей θ=17∘ С болады. Ыдыстардың С жылу сыйымдылығын анықтаңыз. Судың меншікті жылусыйымдылығы c=4,2 кДж/(кг⋅К). (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Массасы 205 кг темір тағаны массасы 600 кг механикалық балғамен тегістейді. 35 соққыдан кейін таға температурасы 100-ден 180∘ C дейін өзгереді. Соққандағы балға жылдамдығы қандай? Тағаны қыздыруға балғаның 70% энергиясы жұмсалады деп есептейміз. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460 Дж/(кг⋅К). (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Бірдей өткізгіш сымнан шеңбер және оның AB диаметрін қосатын көпірше жасалған. Егер көпіршені үзіп тастаса A және B нүктелерінің арасындағы кедергі қанша пайызға өзгереді? Шеңбердің ұзындығы l=2πR өрнегімен анықталады, мұндағы R — шеңбер радиусы. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №4. Егер негативте вагонның биіктігі 0,012 м, ал шын мәнінде 3 м болатын болса, онда поезд фотосуреті қандай қашықтықтан түсірілген? Фотоаппарат объективінің бас фокустық арақашықтығы 0,15 м. Объектив — жинағыш линза болып табылады (немесе, бір линза деп қарастыруға болатын линзалар жүйесі). (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение