Wang Wei Hua
Есеп №1. Егер $a_0,a_1,\ldots$ нақты сандар тізбегі үшін келесі шарттар орындалса, онда ондай тізбекті {\em жақсы} тізбек деп айтамыз:
(i) $a_0$ — натурал сан;
(ii) кез келген теріс емес бүтін $i$ үшін $a_{i+1}=2a_i+1$ немесе ${\displaystyle a_{i+1}=\dfrac{a_i}{a_i+2}}$ қатынастары орындалады;
(iii) $a_k=2014$ болатындай натурал $k$ саны табылады.
Жақсы $a_0,a_1,\ldots $ тізбегі бар болатындай және $a_n=2014$ теңдігі орындалатындай ең кіші натурал $n$ санын табыңыз. ( Wang Wei Hua )
комментарий/решение(1) олимпиада