Математикадан аудандық олимпиада, 2021-2022 оқу жылы, 9 сынып


Есеп №1.  Қайрат пен Малика бір үйде тұрады. Әр подъезде пәтерлердің саны бірдей және әр қабатта 4 пәтер бар. Қайрат үшінші қабатта $83$ пәтерде тұрады, ал Малика — жетінші қабатта 205 пәтерде тұрады. Үйде қанша қабат бар?
комментарий/решение(2)
Есеп №2.  Теңдеулер жүйесін шешіңіз: $$ \left\{ \begin{gathered} x^2 + 4 x = 7 - 5y, \hfill \\ y^2 + 2x = 9y - 20. \hfill \\ \end{gathered} \right. $$
комментарий/решение(2)
Есеп №3.  $ABC$ бұрышында $AL$ биссектрисасы жүргізілген. $LK$ түзуі $ABC$ үшбұрышына іштей сызылған шеңберді жанайтындай $AC$ қабырғасынан $K$ нүктесі алынған. $BL = 4$, $AL = CL =5$ екені белгілі. $CK$ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
комментарий/решение(6)