Математикадан Эйлер олимпиадасы, 2019-2020 оқу жылы, Дистанциялық кезеңнің 3-ші туры
Есеп №1. Васяның ақшасы таусылғандықтан, ол жұмысқа орналасты. Келісімшарт бойынша ол демалыссыз істеді және әр күндік жұмыс үшін 100 теңге алды. Бірақ алынған ақшаны Вася бірден жұмсай бастады. Жұмыстың бірінші күнінде ол 1 теңге жұмсады, ал әр келесі күні ол алдыңғы күнге қарағанда 1 теңге артық жұмсап отырды. Жұмыстың қай күнінің соңында Вася тағы ақшасыз қалды?
(
И. Рубанов
)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. «Мүйіздер мен Сирақтар» фирмасының тұсаукесеріне депутаттар пен кәсіпкерлер келген. Олардың жалпы саны 30 адам. Депутаттар әрқашан шындықты айтатыны белгілі, ал кәсіпкерлер кез-келген нәрсені айта алады (өтірікті де, шындықты да). Олардың барлығы бір дөңгелек үстелге орналасты. Бейресми бөлім барысында олардың әрқайсысы: «Менің екі көршімнің арасында кем дегенде бір кәсіпкер бар» деп мәлімдеме жасады. Тұсаукесерде ең көп дегенде қанша депутат болуы мүмкін?
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. Сүйір бұрышты ABC үшбұрышында A бұрышы 45 градусқа тең. Осы үшбұрыштың периметрі B және C төбелерінен түсірілген биіктіктердің екі еселенген қосындысынан кіші екенін дәлелдеңіз.
(
И. Рубанов
)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №4. Үстелде 101 үйінді жатыр. Әр үйіндіде дәл 101 сіріңке бар. Бір жүрісте кез-келген үйіндіден бір сіріңке алынады. Екі ойыншы кезектесіп жүреді. Егер 10000-ші жүрістен кешіктірмей, қандай да бір үйіндіден соңғы сіріңке алынса, сол сіріңкені алған адам жеңеді, ал кері жағдайда — тең ойын болып саналады. Екі ойыншының қандай да бірі қарсыластың ойынына қарамастан, өзіне кепілді түрде жеңісті қамтамасыз ете алады ма? Егер қамтамасыз ете алса, қай ойыншы?
(
И. Рубанов,
А. Шаповалов
)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №5. Мұғалім тақтаға 10 бүтін теріс сандарды жазды. Вася осы сандарды дәптерге көшіріп жазды, содан кейін дәптерге барлық мүмкін жұптардың көбейтіндісін, сосын барлық мүмкін үштіктерінің көбейтіндісін, сосын барлық мүмкін төрттіктердің көбейтіндісін, …, сосын барлық мүмкін тоғыздықтардың көбейтіндісін, ақырында барлық он санның көбейтіндісін дәптеріне көшіріп жазды. Вася жазған барлық сандардың қосындысы теріс сан болып шыққан. Сол қосынды нешеге тең бола алады?
(
И. Рубанов
)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)