Физикадан аудандық олимпиада, 11 сынып, теориялық тур, 2018-2019 оқу жылы
Есеп №1. Массасы M тіреуіште салмақсыз стержень бекітілген, стержень бойымен массасы m шарик сырғи алады. Стержень маңында орала отырып, бір ұшынан тіреуіштің төменгі нүктесіне, екінші ұшынан шарикке қатаңдығы k серіппе бекітілген және ол барлық уақытта вертикаль қалпын сақтап тұрады. Шариктің үстінен баса отырып, серіппені бастапқы x0 шамасына ығыстырады, және тыныштық күйінен босатады. Тіреуіш секіріс жасайтын x0 шамасының минимальді мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі g тең. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Бір шеті жабылған цилиндрлік құбырдың қозғалмайтын поршенінің астында 2 моль ауа бар. Алдымен, құбырдағы ауа қысымы бір атмосфераға тең, көлемі V0, және температурасы T0=298К. Ауамен келесі процесстерді іске асырады.
А-процесі: цилиндрдағы ауа V0/4 көлемге дейін тұрақты температурада сығылады.
Б-процесі: ауаға адиабаттық түрде V=15 л көлемге дейін ұлғаюға мүмкіндік береді.
В-процесі: ауаға тұрақты температурада бастапқы V0 көлемге дейін кеңеюге мүмкіндік бере отырып, поршеньді көтереді.
Г-процесі: бекітілген көлемде ауаны бастапқы T0 температураға дейін жеткізеді.
Ауаны екіатомды идеал газ деп есептеңіз, және де 1 атм=1,01⋅105Па. Универсал газ тұрақтысының мәні R=8,31Дж/(моль⋅К).
а) Жалпы процестің P−V диаграммасын салыңыз.
б) А-процесі кезінде газ үстінен қандай жұмыс атқарылады?
в) В -процесінің соңында ауа температурасы қандай?
г) Жалпы дөңгелек (айналу) процес үшін газ қысымының pmin минимал мәні неге тең? (5 ұпай)
комментарий/решение(2)

Есеп №3. Сыйымдылығы C жазық тікбұрышты конденсаторға, жапсарлар бойымен үйкеліссіз сырғанай алатын, өтімділігі \varepsilon және массасы M диэлектрлік пластина салынады. Конденсатор кернеуі U тұрақты қорек көзіне қосылған. Уақыттың бір мезетінде массасы m оқ диэлектрлікке тиеді және онда кептеліп қалып қояды. Оқтың қозғалыс бағытындағы конденсатор жапсарларының ұзындығы h-қа тең, оқтың өлшемдерін ескермеуге болады.
1) Оқтың қандай ең аз бастапқы қозғалыс жылдамдығында ол конденсатордан диэлектрикті жұлып алады?
2) Осы кезде диэлектрлік пластина конденсаторды қанша уақытта тастап кетеді? (5 ұпай)

Есеп №4. Диаметрі D=2 см жұқа жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы {{F}_{1}}=10 см. Оның оптикалық өсінің бойымен диаметрі d=1 см дөңгелек тесік бұрғылап теседі де оған фокустық арақашықтығы {{F}_{2}}=20 см шашыратқыш линза қояды. Линзалардың бас оптикалық өсінде, олардан L=20 см. қашықтықта нүктелік жарық көзі орналасқан, ал линзалардың ар жағында Э экран орын ауыстыра алады. Экрандағы жарық дағының {{D}_{\min }} минималды өлшемін анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение