Processing math: 90%

Физикадан аудандық олимпиада, 11 сынып, теориялық тур, 2018-2019 оқу жылы


Бір шеті жабылған цилиндрлік құбырдың қозғалмайтын поршенінің астында 2 моль ауа бар. Алдымен, құбырдағы ауа қысымы бір атмосфераға тең, көлемі V0, және температурасы T0=298К. Ауамен келесі процесстерді іске асырады.
    А-процесі: цилиндрдағы ауа V0/4 көлемге дейін тұрақты температурада сығылады.
    Б-процесі: ауаға адиабаттық түрде V=15 л көлемге дейін ұлғаюға мүмкіндік береді.
    В-процесі: ауаға тұрақты температурада бастапқы V0 көлемге дейін кеңеюге мүмкіндік бере отырып, поршеньді көтереді.
    Г-процесі: бекітілген көлемде ауаны бастапқы T0 температураға дейін жеткізеді.
    Ауаны екіатомды идеал газ деп есептеңіз, және де 1 атм=1,01105Па. Универсал газ тұрақтысының мәні R=8,31Дж/(мольК).
    а) Жалпы процестің PV диаграммасын салыңыз.
    б) А-процесі кезінде газ үстінен қандай жұмыс атқарылады?
    в) В -процесінің соңында ауа температурасы қандай?
    г) Жалпы дөңгелек (айналу) процес үшін газ қысымының pmin минимал мәні неге тең? (5 ұпай)
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение:

пред. Правка 2   1
6 года 5 месяца назад #

  0
6 года 5 месяца назад #