Областная олимпиада по физике 2015, 9 класс, теоретический тур
Есеп №1. Шексіз көлбеу жазықтық көкжиекпен α=30∘ бұрыш жасай орналасқан. Ол жазықтықта тиын тыныштықта тұр. Тиын мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті μ=√3/3. Бастапқы жылдамдық векторы көлбеу жазықтыққа параллель және горизонталға төмен қарай β=α=30∘ бұрышпен көлбеу бағытталатындай, тиынға бастапқы ϑ0 жылдамдық беріледі (суретті қараңыз). Айтарлықтай көп уақыт өткен соң, тиын ϑ=3 см/с жылдамдыққа ие болады. Бастапқы ϑ0 жылдамдығының шамасын табыңыз. (9 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №2. Электрпешінің қыздырғышы ретінде қимасы 0,5 мм2 болатын нихром сым қолданылады. Бұл пеш 10 мин уақыт ішінде 20∘ С температурада алынған массасы 1 кг суды буландыруы қажет. Егер электр пеші 120 В кернеуге арналған және ПӘК 80% болса, онда нихром сымның ұзындығы қандай болғаны? Нихромның меншікті кедергісінің мәні 1,1⋅10−6 Ом⋅ м, ал судың меншікті жылусыйымдылығы мен меншікті булану жылуы сәйкесінше 4,2 кДж/(кг⋅ К) және 2,26⋅103 кДж/кг тең. (7 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Ағаштан жасалған тік цилиндр, өзінің көлемінің n=0,9 бөлігімен суға батып, суда қалқып жүр. Суға, цилиндрді толығымен жабатындай май қабаты құйылады. Осы кезде цилиндрдің қандай бөлігі суға батырылады? Су мен майдың тығыздықтары сәйкесінше ρс=1000 кг/м3 және ρм=800 кг/м3 тең. (7 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. V1 және V2 екі вольтметрді өзара тізбектей жалғап, тоқ көзіне қосады. Осы кездегі вольтметрлердің көрсеткіштері V1=8 В және V2=4 B болған. Тоқ көзіне екінші V2 вольтметрді қосқан кезде, ол 10 B көрсеткен. Тоқ көзінің ЭҚК неге тең? (7 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение