Районная олимпиада по физике 2016, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы $M$ тіреуіште салмақсыз стержень бекітілген, стержень бойымен массасы $m$ шарик сырғи алады. Стержень маңында орала отырып, бір ұшынан тіреуіштің төменгі нүктесіне, екінші ұшынан шарикке қатаңдығы $k$ серіппе бекітілген және ол барлық уақытта вертикаль қалпын сақтап тұрады. Шариктің үстінен баса отырып, серіппені бастапқы $x_0$ шамасына ығыстырады, және тыныштық күйінен босатады. Тіреуіш секіріс жасайтын $x_0$ шамасының минимальді мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g$ тең. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Биіктігі $0,8$ м болатын вертикаль орналасқан цилиндрлік ыдыс, үйкеліссіз сырғанайтын жұқа, салмақсыз поршень арқылы екі бөлікке бөлінген. Егер ыдыстың жоғарғы бөлігінде - гелий (молярлық массасы $\mu_1=0,004$ кг/моль), ал төменгі бөлігінде азот (молярлық массасы $\mu_2=0,028$ кг/моль) орналасқан болса, онда поршень қандай биіктікке орныққан? Екі бөліктегі газ массалары бірдей. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Суретте келтірілген электрлік сызбада, бастапқы мезетте кілт ажыратылған. Егер кілтті тұйықтайтын болсақ, онда кілт арқылы қандай заряд өтетіндігін табыңыз. Конденсаторлар сыйымдылықтары $C_1$ және $C_2$, кедергілері $R_1$ және $R_2$, сондай-ақ кернеу көзінің $U$ кернеуін белгілі деп есептеңіз. Кернеу көзінің ішкі кедергісі нольге тең. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №4.  Электрпеші $10$ мин уақыт ішінде, $20^\circ $ С температурада алынған массасы $1$ кг суды буландыруы қажет. Пештің қыздырғышы ретінде, көлденең қимасы $0,5$ мм$^2$ нихром сым қолданылған. Егер пеш $120$ В кернеуге есептелген және оның ПӘК-і $80\%$ болатын болса, онда нихром сымның ұзындығы қандай болғаны? Нихромның меншікті кедергісі $1,1\cdot 10^{-6}$ Ом$\cdot$м, судың меншікті жылусыйымдылығы мен меншікті булану жылуы сәйкесінше $4,2$ кДж/(кг$\cdot$К) және $2,26\cdot 10^3$ кДж/кг тең. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)