Районная олимпиада по физике 2015, 9 класс, теоретический тур
Есеп №1. Допты шұңқырдың бір шетінен, одан h шамасына төмен орналасқан екінші шетіне қарай, көкжиекке α бұрышпен лақтырады. Шұңқыр ені — l. Доп шұңқырдан асу үшін оны қандай ϑ0 минималды бастапқы жылдамдықпен лақтыру қажет? Еркін түсу үдеуі g. Ауаның кедергісін ескермеуге болады. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №2. Су бетінің астында тереңде және су тоғанының түбінен жоғары қарай алыс орналасқан сығылмайтын денеге, уақыттың қандай-да бір мезетінде вертикаль төмен бағытталған ϑ0 жылдамдық береді. Су тығыздығы — ρ0, дене тығыздығы ρ. Дене мен сұйық арасындағы үйкелісті ескермеуге болатын болса, онда қозғалыс басталған соң дене t уақыт ішінде қандай жол жүреді? Еркін түсу үдеуі g. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Ұзындығы L=1 м түтікті P0=105 Па қысымдағы атмосфералық ауамен толтырып, қозғалмайтын жеңіл поршенмен жауып, сұйығы бар ыдысқа H=40 м тереңдікке батырады. Түтік ұзындығының α=x/L қандай бөлігі газбен толтырылады? Температура тұрақты, қаныққан бу қысымы — мардымсыз аз, ρmax г/см^3 (глицерин), g=10 м/с^2. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. Суретте келтірілген электрлік сұлбаға бірдей екі вольтметр және бірдей екі амперметр қосылған. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері келесі мәндерге тең болған:V_1=10,0 B, V_2=10,5 B, I_1=50 мА, I_2=70 мА. Резистордың R кедергісін анықтаңыздар. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение