Processing math: 100%

Районная олимпиада по физике 2014, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Жылдамдықтың қандай мәнінде, қорғасын оқ бөгетке соқтығысу нәтижесінде балқып кетеді? Соқтығысқа дейін оқтың температурасы 303 К. Соқтығыс кезінде оқтың механикалық энергиясының 48,8% оның ішкі энергиясының өзгерісіне жұмсалады. Қорғасынның балқу температурасы 603 К, қорғасынның меншікті балқу жылуы 2,5104 Дж/кг, қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы 120 Дж/(кгК). (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Массасы 4,992 кг, жіпке ілінген құмы бар жәшікке, горизонталь бағытта 500 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан, массасы 0,008 кг оқ тиіп, жәшіктің ішінде тежеледі. Оғы бар жәшік қандай биіктікке көтеріледі? «Оқ-жәшік» жүйесінің ішкі энергиясы қаншалықты өзгереді? Еркін түсу үдеуі 10 м/с2. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3.  Массасы m=66 г судың температурасын өлшеу үшін оған термометр салады, ал ол t1=32,4 C температура мәнін көрсетеді. Егер термометрдің жылу сыйымдылығы CТ=1,9 Дж/К және ол ыдысқа салынбай тұрып бөлменің t2=17,8 C көрсеткен болса, онда судың нақты температурасы қандай болады? Судың меншікті жылусыйымдылығы c=4,2 кДж/(кг К). (5 ұпай)
комментарий/решение(3)
Есеп №4.  Егер R1=R2=R3=R4=10 Ом, R5=3 Ом, U=12 В болса (1-сурет), R4 және R5 кедергілері арқылы қандай тоқтар өтеді? Тізбектің жалпы кедергісі қандай? (5 ұпай)


комментарий/решение(2)