Районная олимпиада по физике 2013, 11 класс, теоретический тур
Есеп №1. Шарик ұзындығы 0,5 м болатын созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген. Шарик вертикаль жазықтықта толық бір айналым жасау үшін, оған қандай минималды горизонталь бағытталған жылдамдық беру қажет? Еркін түсу үдеуі 9,8 м/с$^2$ тең. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №2. Радиусы $R$ жұқа сым сақина ұзындығы бойынша бірқалыпты $q$ электрлік зарядпен зарядталған. Сақина центрінде біраттас $Q$ нүктелік заряд орналасқан, және де $Q > > q$. Сақина қандай күшпен созылғандығын анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Қорек көзінің ЭҚК $5$ В және ішкі кедергісі $2$ Ом. Осы қорек көзіне қосылатын жүктемеден шығатын максималды қуат мәні қандай болады? (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. Массасы $10$ г шарик амплитудасы $3$ см және жиілігі $10$ Гц гармониялық тербеліс жасайды. Тербелістің толық энергиясын, шарик жылдамдығының, үдеуінің және координатасының уақыттан тәуелділігін анықтаңыз. Уақыттың бастапқы $t=0$ мезетінде шарик тепе-тең күйде тұр деп есептеңіз. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение