Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Районная олимпиада по физике 2013, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Белгілі бір биіктіктен еркін құлаған дене құлау басталғаннан кейін қандай-да бір уақыт өткен соң h1=1100 м биіктікте болды, ал тағы да Δt=10 с уақыт өткенде — жер бетінен h2=120 м биіктікте болды. Дене құлай бастаған h биіктікті табыңыз. Еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Шарик, ұзындығы 0,5 м болатын созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген. Шарик вертикаль жазықтықта толық бір айналым жасау үшін, оған қандай минималды горизонталь бағытталған жылдамдық беру қажет? Еркін түсу үдеуі 9,8 м/с2 тең. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3.  U-тәріздес ыдыстың иілістерінің бір-бірінен алшақтығы l=15 см. Егер ыдыс a=6 м/с2 горизонталь үдеумен қозғалатын болса, онда ыдыс иілістеріндегі су деңгейлерінің максимал айырымын табыңыз. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №4.  2 л суды 20 С температурадан қайнауға дейін 10 мин уақыт ішінде қыздыруға мүмкіндік беретін, ПӘК 80%, 220 В-қа есептелген қыздырғыш жасау үшін, көлденең қимасы 0,84 мм2 никель сымның қандай ұзындығын алу қажет? Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/(кгК), су тығыздығы 1000 кг/м3, никельдің меншікті кедергісі 42108 Омм. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)