Олимпиада имени Леонарда Эйлера 2026-2027 учебный год, I тур дистанционного этапа
Есеп №1. Төмендегі алты жауаптың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?
1. Төменде келтірілгендердің барлығы.
2. Төменде келтірілгендердің ешқайсысы.
3. Жоғарыда келтірілгендердің барлығы.
4. Жоғарыда келтірілгендердің дәл біреуі.
5. Жоғарыда келтірілгендердің ешқайсысы.
6. Жоғарыда келтірілгендердің ешқайсысы. ( Лерой Ф. Мейерс )
комментарий/решение
1. Төменде келтірілгендердің барлығы.
2. Төменде келтірілгендердің ешқайсысы.
3. Жоғарыда келтірілгендердің барлығы.
4. Жоғарыда келтірілгендердің дәл біреуі.
5. Жоғарыда келтірілгендердің ешқайсысы.
6. Жоғарыда келтірілгендердің ешқайсысы. ( Лерой Ф. Мейерс )
комментарий/решение
Есеп №2. $ABCD$ трапециясының $AD$ табанында алынған $E$ нүктесі үшін $BE$ кесіндісі $B$ бұрышының биссектрисасы болып шыққан. Егер $BC+DE = AE$ болса, $BC+3DE > CD$ екенін дәлелдеңіз.
(
А. Пешнин
)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Петя 2027 бөлшек санын қосу керек. Әр бөлшек $\frac{1}{3}$, $\frac{1}{5}$, $\frac{1}{7}$, $-\frac{1}{3}$, $-\frac{1}{5}$ немесе $-\frac{1}{7}$ бөлшегінің біріне тең (бірақ әр бөлшектің бар болуы міндетті емес). Петя 1 санынан кіші қандай ең үлкен қосындыны алуы мүмкін?
(
М. Лукин
)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. Оң $a$ және $b$ сандары келесі теңсіздіктерді қанағаттандырады $a^6+b^3 > a^5+b^4$ және $a^7+b^4 < a^6+b^5$. Қай сан үлкен: $a^{10}+b^7$ саны ма, әлде $a^9+b^8$ саны ма?
(
А. Голованов
)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №5. Лагерьге 100 ұл бала және бірнеше қыз келді. Барлық қыздардың ұл балалар арасындағы таныстарының саны бірдей екені анықталды. Ал әрбір ұл бала кем дегенде бір қызбен таныс, бірақ кез келген екі ұл баланың қыздар арасындағы таныстарының саны бірдей емес. Сонымен қатар, Петя барлық қыздармен таныс. Лагерьге кемінде қанша қыз келуі мүмкін?
(
С. Берлов
)
комментарий/решение
комментарий/решение