Математикадан республикалық олимпиада, 2020-2021 оқу жылы, 11 сынып
Энциклопедияның жүз томы 1-ден 100-ге дейін номірленген. Олар сөреде рет сақтаусыз қойылып тұр. Бір операцияда кез келген үш томды алып, оларды өз орындарында кез келген ретпен қоюға болады (яғни, егер осы томдар $a,b,c$ орындарында тұрса, онда бұл операциядан кейін осы томдар $a,b,c$ орындарында қалады, бірақ, мүмкін, басқа ретпен). $m$--нің ең кіші қандай мәнінде, алғашында томдар қалай орналасқанына қарамастан, $m$ операциямен осы томдарды рет сақталатындай орналастыруға болады деп пайымдауға болады? (Егер 1-ші том 1-орында, 2-ші том 2-ші орында, ..., 100-ші том 100-ші орында болса, онда томдар рет сақталуымен тұр деп есептейміз.)
(
А. Голованов
)
посмотреть в олимпиаде
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.