Processing math: 100%

Математикажан қалалық Жәутіков олимпиадасы, 8 сынып, 2019 жыл


185 тиын бар, олардың дәл 7-уі жалған. Барлық шын тиындар салмақтары бірдей, барлық жалған тиындардың да салмақтары бірдей. Жалған тиын салмағы шын тиын салмағынан жеңіл. Гірсіз екі табақты таразы көмегі арқылы 3 өлшем арқылы 23 шын тиындарды қалай алуға болады?
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение:

пред. Правка 2   1
4 года 1 месяца назад #

185 тиынның біреуін алып тастаймыз. Сонда 1851=184 тиын қалады. Қалған 184 тиынды екіге бөлеміз: 184:2=92.

1) Таразы табағына 92 тиыннан қоямыз. Егер тең болып шықса алынып тасталған тиын жалған тиын және таразының әр табағында 3 жалған тиын болады. Егер таразының бір табағы ауыр болса, онда сол табақта 3-тен артық емес жалған тиын болады. Сонымен бірінші өлшеуден кейін 3-тен артық емес жалған тиын бар 92 тиынды аламыз.

2) 92 тиынды екіге бөлсек: 92:2=46. Таразы табағына 46 тиыннан қоямыз. Екеуі тең болып қалса, онда әрқайсысында 1 жалған тиыннан болады. Егер таразының бір табағы ауыр болса, онда сол табақта 1-тен артық емес жалған тиын болады. Сонымен екінші өлшеуден кейін 1-ден артық емес жалған тиын бар 46 тиынды аламыз.

3) 46 тиынды екіге бөлсек: 46:2=23. Таразы табағына 23 тиыннан қоямыз. Егер екеуі тең болса, екеуіндеде жалған тиын болмайды. Егер табақтың біреуі ауыр болса сол табақта 23 шын тиын болады, ал екінші табақта 1 жалған тиын болады.

Осылайша 3 рет өлшегенде 23 шын тиынды анықтаймыз.