Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Республиканская олимпиада по физике 2017, 11 класс, теоретический тур


Қажетті физикалық мәндер, тұрақтылар және математикалық формулалар тізімі.
Атмосфералық қысым p0=1,01105 Па.
t0=100 С температурадағы қаныққан су буы қысымы p0=1,01105 Па.
t0=103 С температурадағы қаныққан су буы қысымы p0=1,13105 Па.
Судың молярлық массасы μ=18103 кг/моль.
Универсал газ тұрақтысы R=8,31 Дж/(моль К).
Судың жылусыйымдылығы c=4200 Дж/(кг С).
Судың булану меншікті жылуы L=2,26106 Дж/кг.
Еркін түсу үдеуі g=9,81 м/с2.
Элементар заряд e=1,61019 Кл.
Электрон массасы me=9,111031 кг.
Диэлектрлік тұрақты ε0=8,851012 Ф/м.
(10 ұпай)
Осы есеп тәуелсіз үш бөлімнен тұрады
Бөлім 1А (3 ұпай). Қалыпты жағдайда ұзындықтары бірдей үш серіппе бір бірінен бірдей қашықтықта горизонталь төбеге бекітілген. Ұзын тақтайша центрі B ортаңғы серіппеге сәйкес келетіндей M, ABC біртекті ұзын тақтасы серіппелерге бекітіледі. Серіппелер қатаңдығы біршама үлкен және сәйкесінше k, 2k, 3k. Әрбір серіппенің керілу күшін анықтаңыз. Еркін түсу үдеуі g.


Бөлім 1В (3,5 ұпай). Тербелмелі контурда сыйымдылығы C конденсатор белгілі бір кернеуге дейін зарядталған (суретті қараңыз). K кілтті тұйықтағаннан кейін, индуктивтілігі L2 катушкадағы токтың амплитудалық мәні I2m болатындай контурда еркін сөнбейтін тербелістер пайда болады. Индуктивтілігі L1 катушкадағы ток максималь мәніне жеткенде, одан жылдам (тербеліс периодынан аз уақытта) орамды алып тастайды, сосын оның индуктивтілігі μ есе азаяды. Орамды алып тастағаннан кейін контурдағы тербелістер үшін конденсаторлардағы максималь кернеуді табыңыз.


Бөлім 1С (3,5 ұпай). Радиотелескопта, шығыс-батыс линиясы бойымен арасы L=150 м экваторда орналасқан екі антеннасы бар. 21 наурызда күн ортасында, Күн тас төбеде болғанда, λ=1,75 м толқын үзындықта оның радиосигналы жазылды. Сигналды жазу келесідей өтеді: сигнал, әрбір антеннамен қабылданатын, күшейтіледі және ұзындықтары бірдей кабельдер арқылы сигналдар жиналатын сумматорға беріледі. Суретте сигнал пайда болатын интенсивтіліктің уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Екі көрші максимум арасындағы Δt уақыт интервалын табыңыз.

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: