Processing math: 56%

Республиканская олимпиада по физике 2016, 10 класс, теоретический тур


Қандай біратомды газ? (10,0 ұпай)
Цилиндрлік ыдыстың қабырғалары өткізбейтін материалдан, ал түбі мен қозғалмалы поршень өткізгіштен жасалып, олар көлденең қимасының ауданы S=100 см2 болатын жазық конденсаторды құрайды. Түбі мен поршеннің арасында бастапқы температурасы T0=100 К және массасы m=1 г болатын біратомды газ орналасқан. Түбі мен поршеннің арасындағы бастапқы арақашықтық x0=5 мм, поршень мен түбінің бастапқы зарядтары ±q=85,7 мкКл, қозғалмалы поршеннің массасы M=1 кг, универсал газ тұрақтысының мәні — R=8,31 Дж/(мольК). Ыдыс қоршаған ортадан оқшауланған, ал оның жылусыйымдылығын ескермеуге болады. Қозғалмалы поршенді K кілт арқылы жермен қоса отырып, оның зарядын өзгертуге болады. Уақыттың бастапқы мезетінде K кілт ажыратылған болсын.

  1. Ыдыстағы газдың p0 қысымын табыңыз;
  2. Ыдыста қандай газ орналасқан?
  3. Поршень астындағы газдың жылусыйымдылығын есептеңіз және оны R универсал газ тұрақтысының өлшем бірлігімен көрсетіңіз;
  4. Ыдыстың түбі мен поршеннің арасындағы арақашықтық екі есе арту үшін, газды қандай T температураға дейін қыздыру қажет?
  5. Ыдыстың түбі мен поршеннің арасындағы арақашықтық екі есе арту үшін, газға қандай Q жылу мөлшерін беру қажет?
  6. Тепе-теңдіктің x0 күйінің маңында болатын поршеннің аз тербелістерінің ω жиілігін есептеңіз;
  7. Жүйені бастапқы күйіне келтіріп, қозғалмалы поршеннің заряды екі есе кемитіндей етіп, K кілтті тұйықтайды.
  8. Қозғалмалы поршеннің vmax максималь жылдамдығын табыңыз;
  9. Жүйені бастапқы x_0 күйіне келтіреді және поршенді бастапқы +q зарядқа дейін зарядтайды. Одан кейін K кілтті қайтадан тұйықтайды, бірақ бұл жолы заряд жерге біртіндеп ауысады (ағады).
  10. Поршень тұрақты a=1 м/с^2 үдеумен қозғала бастайды. Осы кезде уақыттың бастапқы мезеттерінде, поршеннен ауысқан заряд шамасының уақыттан тәуелділігі келесі заңдылықпен сипатталады q(t)=C_1+C_2 t^2, мұндағы C_1 және C_2 — қандай-да бір тұрақтылар.
  11. C_1 және C_2 табыңыз және есептеңіз.
    Ескерту: x\ll1 және де \alpha -ның кез-келген мәндерінде келесі формула орынды болып табылады (1+x)^{\alpha}\thickapprox 1+\alpha x.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: