Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Республиканская олимпиада по физике 2013, 9 класс, теоретический тур


(9.5 ұпай)
Бұл есеп тәуелсіз үш бөлімнен тұрады.
Бөлім А (5.5 ұпай)
Радиусы R карусельдің солтүстік шетінде массасы m объект орналасқан. Карусель тұрақты β бұрыштық үдеумен сағат тілі бағытымен айналады (үстінен қарағанда). Дене мен карусель арасындағы үйкеліс коэффициенті — μs.


а) Қандай t0 уақыт мезетінде дене карусельге қатысты сырғанап бастайды?
б) Дене карусель бойымен сырғанай бастағандағы ϑ жылдамдығы үшін өрнек жазыңыз;
в) μs=0.50, β=0.20 с2, R=4.0 м деп болжайық. Дене сырғанай бастағанда солтүстіктен сағат тілі бойынша дене қандай α бұрышпен және қандай жылдамдықпен сырғанайды? Еркін түсу үдеуі g=9.8 м/с2.
Бөлім Б (1.5 ұпай)
Судың температурасын өлшеу үшін суға термометр енгізілді және ол t1=50 С көрсетті. Суға енгізуден бұрын термометр бөлме температурасын t0=18 С көрсетті. Тәжірибені қайтадан жасайды және екі термометрді пайдаланады. Олардың көрсеткіштері — t2=40 С. Судың алғашқы θ температурасын табыңыз.
Бөлім В (2.5 ұпай)
Суретте көрсетілген электрлік схемаға екі амперметр және вольтметр қосылады. Өлшегіш құрылғылардың көрсеткіштері келесідей:V1=10.0 В, V2=10.5 B, I2=50 мА, I2=70 мА. R резистор кедергісін табыңыз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: