А. Солынин


Есеп №1. Өлшемі $70\times 70$ кесте 1-ден 4900-ға дейінгі сандармен толтырылған. Бірінші жолда солдан оңға қарай 1-ден 70-ке дейінгі сандары өсу ретімен; екінші жолда дәл солай 71-ден 140-қа дейінгі, және т.с.с.; соңғы жолда солдан оңға қарай 4831-ден 4900-ға дейінгі сандар жазылған. Осы кестеде келесі шартты қанағаттандыратын шаршы табуға болады ма: сол шаршыдағы және оған қабырға бойынша көрші тұрған төрт шаршылардағы сандардың қосындысы (барлығы бес қосынды) 2018-ге тең? ( А. Солынин )
комментарий/решение(1) олимпиада
Есеп №2. Автотұрақта машиналар тұр. Олардың арасында «Тойота», «Хонда», «Шкода» маркалы, сондай-ақ маркасы басқа машиналар да бар. Маркасы «Хонда» емес машиналардың саны түсі қызыл емес машиналар санынан бір жарым есе артық, маркасы «Шкода» емес машиналардың саны түсі сары емес машиналар санынан бір жарым есе артық, ал маркасы «Тойота» емес машиналардың саны түсі сары және қызыл машиналардың жалпы санынан екі есе аз екені белгілі. «Тойота»-лардың саны «Хонда» мен «Шкода»-лардың жалпы санынан кем емес екенін дәлелдеңіздер. ( А. Солынин )
комментарий/решение(2) олимпиада