Processing math: 100%

Физикадан аудандық олимпиада, 11 сынып, теориялық тур, 2020-2021 оқу жылы


Есеп №1.  Қиысу бұрышы α=π/6 және табанының радиусы R=5 см дөңгелек конус горизонталь жазықтық бойымен сырғанаусыз бірқалыпты дөңгелейді (төменгі суретті қара). Конустың төбесі, конус табанының центрі болып келетін C нүктесімен бір деңгейде орналасқан O нүктесінде, шарнирлі бекітілген. C нүктесінің жылдамдығы v=10 см/с. Конустың бұрыштық жылдамдығының және бұрыштық үдеуінің модульдерін табыңыз. (5 ұпай)


комментарий/решение(1)
Есеп №2. Төмендегі суретте келтірілген схемадағы конденсаторлардың әрқайсысының зарядын анықтаңыз. Тізбектің эквивалентті сыйымдылығы неге тең? C1=3 мкФ, C2=6 мкФ, C3=10 мкФ. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3. t=27 С температурада, p1=5105 Па қысымда орналасқан массасы m=2 кг газды изотермиялық түрде сығу кезінде оның көлемі 3 есе ұлғаяды. Сығу жұмысы A=1,4103 кДж. Қандай газ изотермиялық сығылуға ұшыраған және оның бастапқы көлемі қандай болған? (5 ұпай)
комментарий/решение