Физикадан аудандық олимпиада, 10 сынып, теориялық тур, 2018-2019 оқу жылы


Есеп №1. Массасы $m$ объект радиусы $R$ қозғалмайтын әткеншектің солтүстік шетінде тыныштықта тұр. Әткеншек $\beta $ бұрыштық үдеумен сағат тілінің бағыты бойынша (жоғарыдан қарағанда) айнала бастайды. Объект пен әткеншек бетінің арасындағы тыныштық үйкелісінің коэффициенті ${{\mu }_{s}}$-ке тең.
    а) Әткеншекті іске қосқаннан бастап уақыттың қандай ${{t}_{0}}$ мезетінде объект оған қатысты сырғи бастайды?
    б) Объект әткеншек бетімен сырғи бастаған мезетте, оның $\vartheta $ жылдамдығының шамасы үшін теңдікті табыңыз.
    в) ${{\mu }_{s}}=0,5,$ $\beta =0,2$ с$^{-2},$ $R=4$ м деп ескереміз. Объект сырғи бастаған мезетте, сағат тілімен солтүстіктен бастап өлшенетін объект жылдамдығы қандай $\alpha $ бұрышпен бағытталған және оның сандық мәні неге тең? Еркін түсу үдеуі $g=9,8$ м/с$^{2}$. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Бір шеті жабылған цилиндрлік құбырдың қозғалмайтын поршенінің астында 2 моль ауа бар. Алдымен, құбырдағы ауа қысымы бір атмосфераға тең, көлемі ${{V}_{0}}$, және температурасы ${{T}_{0}}=298$К. Ауамен келесі процесстерді іске асырады.
    А-процесі: цилиндрдағы ауа ${{V}_{0}}/4$ көлемге дейін тұрақты температурада сығылады.
    Б-процесі: ауаға адиабаттық түрде $V=15$ л көлемге дейін ұлғаюға мүмкіндік береді.
    В-процесі: ауаға тұрақты температурада бастапқы ${{V}_{0}}$ көлемге дейін кеңеюге мүмкіндік бере отырып, поршеньді көтереді.
    Г-процесі: бекітілген көлемде ауаны бастапқы ${{T}_{0}}$ температураға дейін жеткізеді.
    Ауаны екіатомды идеал газ деп есептеңіз, және де 1 атм$=1,01\cdot {{10}^{5}}$Па. Универсал газ тұрақтысының мәні $R=8,31$Дж/(моль$\cdot $К).
    а) Жалпы процестің $P-V$ диаграммасын салыңыз.
    б) А-процесі кезінде газ үстінен қандай жұмыс атқарылады?
    в) В -процесінің соңында ауа температурасы қандай?
    г) Жалпы дөңгелек (айналу) процес үшін газ қысымының ${{p}_{\min }}$ минимал мәні неге тең? (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. Суретте келтірілген электрлік сызбада, бастапқы мезетте кілт ажыратылған. Егер кілтті тұйықтайтын болсақ, онда кілт арқылы қандай заряд өтетіндігін табыңыз. Конденсаторлар сыйымдылықтары $C_1$ және $C_2$, кедергілері $R_1$ және $R_2$, сондай-ақ кернеу көзінің $U$ кернеуін белгілі деп есептеңіз. Кернеу көзінің ішкі кедергісі нольге тең. (5 ұпай)


комментарий/решение(1)
Есеп №4. Диаметрі $D=2$ см жұқа жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы ${{F}_{1}}=10$ см. Оның оптикалық өсінің бойымен диаметрі $d=1$ см дөңгелек тесік бұрғылап теседі де оған фокустық арақашықтығы ${{F}_{2}}=20$ см шашыратқыш линза қояды. Линзалардың бас оптикалық өсінде, олардан $L=20$ см. қашықтықта нүктелік жарық көзі орналасқан, ал линзалардың ар жағында Э экран орын ауыстыра алады. Экрандағы жарық дағының ${{D}_{\min }}$ минималды өлшемін анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение(2)