Республиканская олимпиада по физике 2013, 10 класс, теоретический тур
Есеп №1. (8.0 ұпай)
Массасы M және ұзындығы L жіңішке тақтай оның горизонталь осы бойымен айналады. Массасы m≪M дене тақтайдың үстімен сырғанауда. Үйкеліс жоқ. Жүйе түгелімен қозғалыссыз, дене тақтаның жоғарғы шетінде орналасқан, алғашқы мезетте тақтай горизонтпен θ0 бұрышын жасайды. Есептің барлық бөлігінде θ≪1 деп санаңыз, денелердің өлшемдерін ескермеуге болады, еркін түсу үдеуі g.
а) Белгілі бір θ0 мәні үшін қозғалыстың барлық мезетінде x=kθ, бұл жерде k — белгілі бір тұрақты. θ0 табыңыз.
б) θ0 мәні а) пунктінен алынатынын ескеріп, жүйенің қозғалыс периодын табыңыз;
г) θ0 мәні а) пунктінен алынатынын ескеріп, k-ны табыңыз;
в) Центрге тартқыш үдеу мен сызықтық үдеу арасындағы максималды қатынасты табыңыз және пайдаланылған жақындатудың дұрыстығын көрсетіңіз.
комментарий/решение

Есеп №2. (5.5 ұпай)
Арасында 2 моль ауасы бар поршень, бір жағы жабық түтікшеде орналасқан. Алғашқыда түтіктегі ауа қысымы бір атмосфералық қысым, көлем V0, және температура T0=298 К. Ауаға келесі процестерді жүргізеді. Процесс А: Цилиндрдегі ауа тұрақты температурада V0/4 көлемге дейін сығылады. Процесс Б: ауаға V=15 л көлемге дейін адиабаталық түрде кеңеюге мүмкіндік беріледі. Процесс В: поршеньді өозғалтып, ауаға алғашқы V0 көлемге дейін тұрақты температурада кеңеюге мүмкіндік беріледі. Процесс Г: Белгілі бір тұрақты көлемде ауаны алғашқы T0 температураға әкеледі. Ауаны екіатомды идеал газ ретінде санаңыз және 1 атм = 1.01×105 Па. Универсал газ тұрақтысы R=8.31 Дж / {моль⋅К).
а) Процестің P−V диаграммасын салыңыз;
б) А процесі кезінде газға қанша жұмыс жасалады?
в) В процесінің соңында ауаның температурасы қандай?
г) Газдың минималды қысымы қандай түгел процесс кезінде pmin?

Есеп №3. (9.5 ұпай)
Екі параллель ұзын сымдардың бір шеті R=0,25 Ом резистормен және I=5 А-ден артып кетсе жанып кететін предохранительмен байланысқан. Басқа шеті екі сымның байланыспаған. Сымдар арқылы массасы m стержень сырғанай алады. Сымдар арасы l=30 см. Жүйе тұгелімен индуктивтілігі B=1.2 Тл магнит өрісінде орналастырылады, суретте көрсетілген. Стержень мен сымдардың кедергілерін ескермеуге болады. Еркін түсу үдеуі g=9.8 м/с2. Стерженьді жібереді, стержень ауырлық күшінен құлайды, бірақ сымдармен контактты үзбейді.

- Стержень қандай минималды ϑmin жылдамдықпен қозғалуы тиіс, предохранитель жанып кетуі үшін?
- Стерженьнің қандай ең кіші массасында mmin предохранитель жанып кетеді?
- Стерженьнің v(t), t уақытқа аналитикалық тәуелділігін табыңыз;
- Предохранитель ұзындығы L цилиндрлік сымнан жасалған, радиусы r≪l, шектік кедергісі ρf. Ток күші I біртекті ток предохранитель арқылы өтеді деп есептейік;
- Предохранитель жасалған сымның сыртындағы электрлік өрісінің бағыты мен мәні қандай?
- Предохранитель жасалған сымның сыртындағы магниттік өрісінің бағыты мен мәні қандай?
- Предохранитель сымының үстінгі жазықтығындағы Пойнтинг векторының шамасы мен бағытын табыңыз. Предохранитель, балқу нүктесіне жетсе жанып кетеді. Қыздырылған дене энергия бөлетіндігі белгілі және оның қуаты P=σAT4 заңы арқылы анықталады, бұл жерде T — Кельвинмен өлшенетін температура, A — жазықтық ауданы, ал σ=5.67×10−8 Вт/(м2 ⋅ К4) — Стефан-Больцман тұрақтысы. Егер T=500 К — предохранитель материалының балқу температурасы, ρ=120 нОм⋅ м — осы материалдың шекті кедергісі, предохранитель жанып кететін ток күші I=5 А тең;
- Предохранитель жасалған сымның радиусы қандай болуы тиіс?
Бірлік аудан арқылы бірлік уақытта өтетін электромагнитті энергияның саны Пойнтинг векторы S арқылы анықталады, электрлік және магниттік өріске перпендикуляр, модуль бойынша S=EBsinα/μ0 тең, бұл жерде E — электрлік өрістің кернеу векторы, B — магниттік индукция векторы, ал α — олардың арасындағы бұрыш (оң жақтағы суретті қараңыз);
комментарий/решение
Есеп №4. (7.0 ұпай)
Ішкі радиусы a және сыртқы радиусы b сфералық қабық меншікті кедергісі ρ материалдан жасалған. Нүктелік q0 заряды сфераның центрінде орналасқан. Алғашқы t=0 уақыт мезетінде қабық материалы электрлі нейтралды болды, ішкі және сыртқы бетті санағанда. Магнитті эффектті және сәулеленуді ескермеуге болады.
а) Көп уақыт өткеннен кейін E0 сфера ішіндегі электрлік өрісінің кернеуін табыңыз;
б) Көп уақыт өткеннен кейін сфера сыртындағы электр өрісінің сфераның ішкі Ein және сыртқы Eout бетіне жақын кернеуін табыңыз;
в) Көп уақыт өткеннен кейін қабықтың сыртқы бетіндегі σout заряд тығыздығын анықтаңыз;
г) Қабықтың сыртқы бетіндегі толық зарядты q(t), t уақыттың функциясы ретінде табыңыз;