Областная олимпиада по физике 2018, 10 класс, экспериментальный тур
Резеңке шар (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: өлшемі $10\times10\times10$ см болатын (немесе өлшемі өзгеше ұйымдастырушылар ұсынған қалып) куб қалып, біртекті резеңке шарик, стакан, көлемі $20$ мл инесіз шприц, көлемі $5$ мл инесіз шприц, ұзындығы $40$ см болатын мөлдір сызғыш, жіп, қайшы, қағаз майлықтар, су, глицерин.
Тапсырма: Резеңке шардың тығыздығын анықтаңыз. Судың тығыздығының мәні $\rho_{\text{с}}=1000$ кг/м$^3$, ал глицериннің тығыздығы $\rho_{\text{г}}=1260$ кг/м$^3$. Биіктігі $h$ шар сегментінің көлемі $\Delta V=\pi\cdot h^2(3d/2-h)/3$ тең, мұндағы $d$ — шар диаметрі (белгілі параметр).
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіп, оны толтырыңыз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және қорытынды жазыңыз.
комментарий/решение