Областная олимпиада по физике 2016, 10 класс, теоретический тур
Есеп №1. [6 ұпай]. Ғарыштық аппарат қону кезінде тежелу үшін тежеуші парашют шығарады, соның салдарынан тежелу үдеуі $\beta=0,02$ м$^{-1}$ пропорционалдық коэффициенті арқылы жылдамдықтың квадратына пропорционал болып табылады. $\vartheta_0=240$ м/с бастапқы қону жылдамдығын $100$ есе азайтқанда тежеуші қозғалтқыштар іске қосылып, аппарат лезде тоқтайды. Тежелу уақыты мен жолын, сондай-ақ қону кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығын табыңыздар.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. [8 ұпай]. Массасы $m_2$ кішірек дене, радиусы $R$, ал массасы $m_1$ жұқа қатты құрсаудың ішкі бетіне бекітілген. Құрсау горизонталь жазықтық бойымен сырғанаусыз домалайды. Массасы $m_2$ дене жоғарғы күйде болған кезде құрсау секіру үшін, $m_2$ дене төменгі күйде болған кезде құрсау центрінің жылдамдығы қандай болуы қажет? Еркін түсу үдеуі $g$.
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. [7 ұпай]. Бөлмені жылыту үшін жанарғы (горелка) қолданылады, осы кезде бөлмеде $t_1=17^{\circ}$ С температура орнығады, ал осы уақыттағы даладағы температура $t_0= 7^{\circ}$ С. Бөлмені жылытуға, ПӘК-і $\eta=60\%$ болатын қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтірілетін және де кері Карно циклы арқылы жұмыс жасайтын идеал жылулық сорғыны (насос) қолдану ұсынылады. Бөлме мен дала арасындағы жылуалмасу, температуралар айырымына пропорционал деп, және де қозғалтқыш, жанарғы тұтынатын жанармай мөлшерін тұтынады деп есептеп, бөлмеде орныққан температураны екі жағдай үшін есептеңіз, егер:
а) қозғалтқыш бөлмеден тыс жерде орналасқан;
б) қозғалтқыш бөлме ішінде орналасқан.
комментарий/решение
а) қозғалтқыш бөлмеден тыс жерде орналасқан;
б) қозғалтқыш бөлме ішінде орналасқан.
комментарий/решение
Есеп №4. [9 ұпай]. Суретте келтірілген электрлік тізбекте, $K$ кілт ажыратылған және тоқ жүрмейді. Келесі шамаларды анықтаңыздар:
а) $K$ кілтті тұйықтаған мезетте $\varepsilon_1$ және $\varepsilon_2$ батареялары арқылы өтетін тоқ күштерін;
б) ток өтуін тоқтатқаннан кейінгі жүйенің $\Delta W$ электростатикалық энергиясының өзгерісін;
в) ток өтетін барлық уақыт мезетіндегі $\varepsilon_1$ және $\varepsilon_2$ батареяларының $A_1$ және $A_2$ жұмыстарын;
г) $K$ кілтті тұйықтағаннан кейін, резситорлардағы бөлініп шығатын $Q$ жылу мөлшерін.