Областная олимпиада по физике 2013, 9 класс, экспериментальный тур


Серпімсіз соқтығысты зерттеу (10 ұпай)



Құралдар мен жабдықтар: штатив, $40$ см-лік сызғыш , ермексаз (әрбір қатысушыға бір тұтас бөлігі), жіп, екі скрепка.
Тапсырма:
— шариктердің массаларының қатынастары $\frac{m_0}{m_1}=1$ және $\frac{m_0}{m_1}=2$ (мұндағы $m_0$ — соғатын шарик массасы, ал $m_1$ — тыныштықтағы шарик массасы) болған жағдайда, соғатын шариктің бастапқы $x_0$ ауытқуынан, соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің $x_1$ ауытқуының тәуелділігін өлшеңіздер. Алынған тәуелділіктердің графиктерін тұрғызыңыздар;
— алынған эксперименталдық мәліметтер негізінде, соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің жылдамдығының, соғатын шариктің жылдамдығына қатынасын тұрақты шама деп ескеруге болады ма екендігін тексеріңіздер. $\vartheta_1=\frac{m_0}{m_0+m_1}\vartheta_0$ формуласының орындалатындығын тексеріңіздер, мұндағы $\vartheta_1$ — соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің жылдамдығы, ал $\vartheta_0$ — соғатын шариктің жылдамдығы.
комментарий/решение