Областная олимпиада по физике 2012, 9 класс, экспериментальный тур
Қайрақтың үстел үстімен үйкеліс коэффициентін анықтау (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: биік, біртекті тікбұрышты қайрақ, сызғыш.
Тапсырма: қайрақтың үстел үстімен үйкеліс коэффициентін барынша дәлірек анықтаңыз.
Нұсқау: Экспериментальдық тур тапсырмаларын орындағанда:
- тәжірибе жасау тәсіліңізді баяндаңыз және есептеу формулаларын келтіріңіз;
- аралық есептеулерді және тәжірибелік ақпаратты енгізу үшін кестелерді дайындап толтырыңыз;
- қажетті тәжірибелер мен өлшеулерді жүргізіңіз;
- алынған ақпаратты пайдаланып ізделінді шаманы есептеңіз;
- өлшеулердің қателіктерін тауып, соңғы нәтижені жазыңыз және жасалған жұмыс жайлы қысқа қорытындылар жазыңыз.
комментарий/решение