Областная олимпиада по физике 2011, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Ауа қысымы қозғалыстары адиабатикалық деп есептеп, тығыздығы 2,6 кг/м$^3$, 2$\cdot$ 10$^5$ Па қысымдағы ауада дыбыс жылдамдығын табыңыз. (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  Қозғалтқышы 50 Вт қуатты, нағыз шаманың 1/8 бөлігіндей модель тік ұшақ ауада ұшып тұр. Нағыз тік ұшақ үшін қандай қуатты қозғалтқыш керек? Модель тік ұшақ нағыз тік ұшақ жасалған материалдан жасалған. (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Массасы 400 кг ғарыш кемесі радиусы 6370 км Жердің бетінен 20 км биіктікте шеңбер бойымен Жерді айнала қозғалған. $t$ қысқа уақытқа ракеталық қозғалтқышты қосқаннан кейін, кеменің жылдамдығы 10 м/с-қа артты, Жер бетінен минималды алшақтауы 200 км және максималды алшақтауы 234 км ал айналу траекториясы эллипс болды. Жер бетінен максимал алшақтауында кеменің жылдамдығы қандай? Кеменің қозғалтқышының тарту күші неге тең, $t$ уақыт жұмыс аралығында, жұмсалған жанармай массасы? Кеменің массасы өзгеруін ескермеңіз. Жер массасы — 610$^{24}$ кг, гравитациялық тұрақты — 6,67$\cdot$ 10$^{-11}$ Н м$^2$/кг$^2$, жанармайдың секундтық шығыны — 1 кг/с, газдың ағып кету жылдамдығы — 4000 м/с, қышқылдатқыш пен жанармай меншікті жылу жануы 1,210$^7$ Дж/кг. (9 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Сыйымдылығы 10 мкФ конденсатор 2 В кернеуге дейін зарядталған және 3 В кернеуге дейін зарядталған 20 мкФ конденсаторға «плюске» «минуспен» жалғанған. Индуктивтілігі 0,3 Гн катушканы сыйымдылығы үлкен конденсаторға параллель жалғайды, және бір мезгілде конденсаторлардың бос шығыстарына индуктивтілігі 1 Гн катушканы жалғайды (1 сурет). Катушкалар арқылы өтетін максимал ток мәндерін анықтаңыз. (8 ұпай)


комментарий/решение