Районная олимпиада по физике 2016, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы $M=11,5$ кг пластинка кедір-бұдыр бет (үйкеліс коэффициенті $k=0,25$) бойымен $F=30$ Н горизонталь бағытталған күштің әсерінен қозғалады. Пластинкада, оның орташа жылдамдығы тұрақты болып қалатындай, массасы $m$ шарик вертикаль секіреді. Соққы уақытын ескермеуге болады деп, $m$ мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g=10$ м/с$^2$. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Суретте келтірілген электрлік сызбада, бастапқы мезетте кілт ажыратылған. Егер кілтті тұйықтайтын болсақ, онда кілт арқылы қандай заряд өтетіндігін табыңыз. Конденсаторлар сыйымдылықтары $C_1$ және $C_2$, кедергілері $R_1$ және $R_2$, сондай-ақ кернеу көзінің $U$ кернеуін белгілі деп есептеңіз. Кернеу көзінің ішкі кедергісі нольге тең. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  Электрсыйымдылығы $20$ н$\Phi$ болатын мырыш шар оқшауланған және де жарықпен сәулелендірілген. Сәуленің толқын ұзындығы $324$ нм. Мырыш үшін шығу жұмысының мәні $3\cdot 10^{-19}$ Дж тең тең екенін ескере отырып, шар бетінен жұлып алуға болатын электрондардың максималь санын анықтаңыз. Планк тұрақтысы $6,62\cdot 10^{-34}$ Дж$\cdot$с , электрон заряды $1,6\cdot 10^{-19}$ Кл, ал вакуумдағы жарық жылдамдығы $3\cdot 10^8$ м/с. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Бұрыш, идеал өткізгіштен жасалған, ал оның жан-жақтарымен өткізгіш стержень, барлық уақытта биссектрисаға перпендикуляр күйде қала отырып, сырғи алады. Бұрыш, өзінің жазықтығына перпендикуляр бағытталған, индукциясы $B=1$ Тл біртекті магнит өрісіне орналасқан. Егер стержень $\vartheta=5$ м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болса, тізбектегі ток күшін табыңыз. Стерженнің қимасы $S=1$ мм$^2$, ал оның меншікті кедергісі — $\rho=5\cdot 10^{-7}$ Ом$\cdot$м. (5 ұпай)


комментарий/решение