Районная олимпиада по физике 2016, 8 класс, теоретический тур


Есеп №1. Массасы $m_{\text{к}}=0,2$ кг болатын калориметрдың мыс стаканында массасы $m_{\text{ж.су}}=0,2$ кг жылы су бар. Калориметрге температурасы $t_{\text{м}}=0^{\circ}$ С мұз кесегі салынады. Суы бар калориметрдің бастапқы температурасының мәні $t_{\text{ж.су}}=30^{\circ}$ С. Мұз толығымен еріп кеткен уақыт мезетте су мен калориметр температурасы $t_{\text{қ}}=5^{\circ}$ С мәніне тең болған. Мұздың массасын анықтаңыз. Мыстың меншікті жылусыйымдылығы $c_{\text{мыс}}=390$ Дж/(кг$\cdot$К), судың меншікті жылусыйымдылығы $c_{\text{су}}=390$ Дж/(кг$\cdot$К), мұздың меншікті балқу жылуы $\lambda_{\text{мұз}}=3,35\cdot 10^5$ Дж/кг. Калориметрдің жылу шығынын ескермеуге болады. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  ЭҚК $U_0=1,3$ В болатын батарейкаға, суретте келтірілген көпір түріндегі электрлік тізбек қосылған. Тізбектегі үш вольтметр өзара тең, сондай-ақ екі миллиамперметр де өзара тең болып табылады. Батарейканы идеал деп есептеңіз. Вольтметр кедергісі, миллиамперметр кедергісінен артық. Егер миллиамперметр көрсеткіштері $3$ есе ерекшеленетін болса, онда әрбір вольтметрдің көрсеткіштерін анықтаңыз. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3. $X$ осінің бойында $x_1=10$ см нүктесінде жұқа шашыратқыш линза, ал $x_2= 30$ см нүктесінде фокустық арақашықтығы $f_2=24$ см жинағыш линза орналасқан. Екі линзаның да бас оптикалық остері $X$ осінің бойында жатыр. $x=0$ нүктесінде орналасқан нүктелік көзден шыққан жарық, осы оптикалық жүйеден өтіп, параллель шоғыр ретінде таралады. Шашыратқын линзаның $D$ оптикалық күшін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4. Қондырғы $P=40$ кВт қуат өндіреді. Оны суыту үшін, қимасының ауданы $S=1$ см$^2$ шиыршық құбыр бойымен ағатын ағынды су қолданылады. Қондырғының тұрақталған жұмыс режимінде ағынды су $\Delta T=20^{\circ}$ С температураға қызады. Қондырғының жұмыс істеп тұрған кезінде шығатын энергияның барлығы суды қыздыруға кетеді деп есептеп, су ағысының жылдамдығын анықтаңыз. Судың тығыздығы мен жылусыйымдылығы сәйкесінше $\rho=1000$ кг/м$^3$, $c=4200$ Дж/(кг$\cdot$К) тең. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)