Олимпиада имени Леонарда Эйлера 2025-2026 учебный год, II тур дистанционного этапа


Книгу этой олимпиады, со 100% решениями задач, можете заказать на KASPI.KZ.
Есеп №1. Салмақтары 1, 2, 3 және 4 кг болатын төрт гирь және тот басқан табақшалы таразы бар. Егер таразының екі табақшасына салмақтар айырмасы 2 кг-нан аспайтын екі жүк қойса, таразы тепе-теңдікте қалады, кері жағдайда ауыр жүк төмен түсіп кетеді. Осы гирьлердің әрқайсысының салмағын қалай анықтауға болады? ( И. Рубанов )
комментарий/решение
Есеп №2. Екі қатар келген натурал сандардың жазылуын «цифрларға шашып жіберсек», онда осы барлық цифрлар арасында 0-ден 9-ға дейінгі кездескен барлық цифрлар саны өзара тең бола алады ма? ( И. Рубанов )
комментарий/решение
Есеп №3. Оля және Коля $ABC$ үшбұрышы бойымен тұрақты жылдамдықпен жүреді: Оля — сағат тіл бағытына қарсы, Коля — сағат тіл бағытымен. Олар $B$ төбесінен бір мезгілде шығады: Оля $BA$ қабырғасы бойымен, ал Коля $BC$ қабырғасы бойымен қозғалады. Олар алғаш рет $AC$ қабырғасының ортасында, ал екінші рет $BC$ қабырғасының ортасында кездесті. Олар үшінші рет $AB$ қабырғасының ортасында кездесе ала ма? ( И. Рубанов )
комментарий/решение
Есеп №4. Кез келген теңқабырғалы емес $ABC$ үшбұрышының ішінен $ABD$, $BCD$ және $CAD$ бұрыштарының қосындысы 60 градустан кіші болатынындай етіп, $D$ нүктесін таңдап алуға болатынын дәлелдеңіз. ( И. Рубанов )
комментарий/решение
Есеп №5. Петя мен Вася $2025\times 2025$ өлшемді торлы тақтаға кезекпен король фигураларын қояды. Ойынды Петя бастайды, бастапқыда тақта бос. Петя әр жүрісінде кез келген бос ұяшыққа көк түсті король қояды. Вася әр жүрісінде кез келген бос ұяшыққа қызыл түсті король қояды. Петя, қандай да бір көк король кем дегенде алты басқа көк корольді ұрып тұрған жағдайға жеткізгісі келеді. Вася бұған кедергі жасай алады ма? (Король өзі тұрған ұяшыққа тігінен, көлденеңінен немесе диагональ бойынша көрші тұрған барлық ұяшықты ұрады.) ( С. Берлов )
комментарий/решение