3-й этап Республиканской олимпиады по информатике 2021-2022, 1 тур
Есеп B. Тетрис
Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes
BThero тетрис ойнап отыр. Тетрис алаңың ұзындығы $W$ және биіктігі шексіз болатын тіктөртбұрыш ретінде қарастыруға болады. Ыңғайлы болу үшін алаңды жазықтықта орналастырайық. Алаңның төмендегі сол жақтағы ұяшығы $(1, 1)$ координатында, ал төмендегі оң жақтағы ұяшығы $(W, 1)$ координатасында орналасқан. Ойында кезекпен $q$ екі түрлі оқиға болды:
- Алаңға $x$-координат бойынша $[l,r]$ кесіндісінде биіктігі $h$ болатын жаңа тіктөртбұрыш құлайды. Ол шексіз биіктіктен бастап басқа тіктөртбұрышқа тірелгенше немесе алаңның түбіне жеткенде дейін құлайды. Бұл тетрис ойынында тіктөртбұрыштарды қозғалтуға болмайды.
- $y$ деген бүтін санмен бірге сұратым келеді. Осы $y$ биіктігінде қанша ұяшық тіктөртбұрыштардың ішінде екенін жауап беру керек.
Формат входного файла
Кіріс деректердің бірінші жолында $W$ және $q$ бүтін сандары берілген ($1 <= W <= 10^6$, $2 <= q <= 10^5$).
Келесі $q$ жолдарда оқиғалардың сипаттамалары берілген. Алдымен бір бүтін сан $t$ — оқиғаның түрі беріледі. Егер $t = 1$ болса, бұл бірінші түрдегі оқиға және сізге қосымша үш бүтін сан $l$, $r$ және $h$ беріледі ($1 <= l <= r <= W$, $1 <= h <= 10^6$). Егер $t = 2$ болса, бұл екінші түрдегі оқиға және сізге қосымша бір бүтін сан $y$ беріледі ($1 <= y <= 10^9$).
Оқиғалар арасында кем дегенде бір бірінші түрдегі оқиға және кем дегенде бір екінші түрдегі оқиға бар.
Формат выходного файла
Шығыс деректерде бүкіл сұратымдардың жауаптары болу керек.
Система оценки
Есеп $6$ бөлімнен тұрады:
- $q <= 5000$. $20$ ұпайға бағаланады.
- Ең бірінші оқиға бірінші түрдегі оқиға, ал бүкіл қалған оқиғалар екінші түрдегі оқиғалар. $10$ ұпайға бағаланады.
- Бүкіл тіктөртбұрыштардың ұзындығы $1$, ені $1$ және бүкіл сұратымдарда $y <= 10^6$. $10$ ұпайға бағаланады.
- Бүкіл тіктөртбұрыштардың ұзындығы $1$ және бүкіл сұратымдарда $y <= 10^6$. $20$ ұпайға бағаланады.
- Бүкіл сұратымдарда $y <= 10^6$. $20$ ұпайға бағаланады.
- Есептің толық шарттары. $20$ ұпайға бағаланады.
Пример:
Вход 13 10 1 7 11 4 2 3 1 4 9 2 2 3 2 5 1 1 3 5 2 5 1 2 4 1 2 6 2 7Ответ
5 5 6 9 6 3
Замечание
(
Temirlan Satylkhanov
)
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.