Республиканская олимпиада по физике 2018, 10 класс, теоретический тур
Циклдық процестердің ПӘК-і (10 ұпай)
2.1.Карно циклының ПӘК $\eta$ үшін теңдікті жазыңыз және оны температураның $\text{T}_1= 800$ К және $\text{T}_2 = 200$ К мәндері үшін есептеңіз.
Карно циклы бойынша жұмыс жасайтын машинаның күрделірек нұсқасын қарастырайық. Бастапқыдағыдай процесс температуралары $T$ және $T_1=800$ К, әрі $T < T_1$ изотермалар арасында жүзеге асады. Газдың қыздырғышпен жылуалмасуы тікелей $T_1$ температурасы кезінде, ал температурасы $Т$ болатын изотермиялық процестегі жылуалмасу, температурасы тұракты $T_2 = 200$ К, әрі $T > T_2$ болатын резервуар арқылы жүзеге асады. Газ бен резервуар арасындағы жылуалмасу жылуөткізгіштік арқылы жүзеге асатындығы белгілі, яғни бірлік уақытта резервуарға берілетін жылу мөлшері $q=\alpha(T-T_2)$ тең, мұндағы $\alpha=1$ кВт/К. Алдағы уақытта, изотермиялық процестердің ұзақтық уақыты бірдей, ал адиабаталық процестердің ұзақтығы елеместей аз шама екенін ескеріңіз.
2.2.Карно циклы бойынша жұмыс жасайтын жылулық машина қуатының $Т$ температурадан $P(T)$ тәуелділігін табыңыз;
2.3.Жылулық машина қуатының температурадан $P(T)$ тәуелділігін $T_2 < T < T_1$ температуралар интервалында тұрғызыңыз;
2.4.Аналитикалық немесе графиктік жолмен осы жылулық машинаның $P_{\max}$ максималь қуатын табыңыз.
Оң жақтағы суретте $P-V$ диаграммада, $1$ моль біратомды идеал газ жасайтын тағы бір циклдық процес бейнеленген. $\text{P}_0$, $\text{V}_0$ шамаларын және $R$ универсал газ тұрақтысын белгілі деп есептеңіз.
2.5.Осы процестегі газдың $T_{\min}$ минималь температурасын есептеңіз;
2.6.Осы процестегі газдың $T_{\max}$ максималь температурасын есептеңіз;
2.7.Егер қыздырғыш температурасы $T_{\max}$, ал суытқыш температурасы $T_{\min}$ болатын болса, онда Карно циклының ПӘК қандай болар еді?
2.8.Келтірілген циклдың нақты ПӘК-ін есептеңіз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.