Processing math: 0%

Республиканская олимпиада по физике 2017, 9 класс, теоретический тур


«Солянка» (10 ұпай)
Осы есеп тәуелсіз үш бөлімнен құралған.
Бөлім 1А (3 ұпай). Кеме су қоймасында "тұмсықты" толқын пайда болатындай, \vartheta=10 м/с жылдамдықпен жүзіп келеді, астыда сол жақтағы суретті қараңыз. Сол суретте астыда оң жақта осы толқынның масштабы сақталған схемасы көрсетілген. Су қоймасы бойымен таралған толқынның \vartheta_{\text{в}} жылдамдығын табыңыз.


Бөлім 1В (3,5 ұпай). Мұз толығымен су астына енетіндей (суретті қараңыз), алғашында массасы 1 кг суы бар цилиндрлі ыдысқа, температурасы 30^{\circ}С суға жіппен 0^{\circ}С металл шарик байланған массасы 0,2 кг, температурасы 0^{\circ}С мұз кесегі батырылды. Шарик массасы — 30г, меншікті жылусыйымдылығы — 800 Дж/(кг\cdotК). Ауданы 100 см^2 салмақсыз, жылуөткізбейтін, қозғалмалы поршеньмен барлығын жауып қойды. Соңғы күйдегі поршень қозғалысын, ыдыстағы температураны табыңыз. Судың меншікті жылусыйымдылығы c=4200 Дж/(кг \cdot ^{\circ}С).


Бөлім 1С (3,5 ұпай). Кітап мәтіні екі рет, фокустық ара қашықтығы 50 см объективі бар фотоаппаратпен суретке түсіріледі. Суретке түсіру шарттары келесідей: 1) осы объективке рұқсат етілген ең кіші қашықтықтан 0,5; 2) биіктігі 25 мм ұзартатын сақина арқылы объективті камераға қосу, осы жағдайдағы мүмкін минимальды қашықтықтан. Осы екі жағдайдағы суреттердің өлшемдерінің қатынасын табыңыз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: