Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Республиканская олимпиада по физике 2014, 11 класс, теоретический тур


Бейсызық резистор (10.0 ұпай) Электрлік бейсызық резистордың кедергісін өлшеудегі тәжірибелер келесіні көрсетті. Резистордың температурасын бөлме температурасы T0=20 С-дан T1=100 С температураға дейін көтергенде, оның кедергісі кенеттен ыршып R1=50-ден R2=100 Ом-ға дейін өзгереді. Кедергінің кері секірісі төмендеу T2=99 С-ға тең температурада байқалады. Резисторға кернеуі U1=60 В қорек көзін қосады, біраз уақыт өткен соң оның температурасы T3=80 С тең болып орнайды. Осыдан кейін t=0 бастапқы уақыт мезетінде температурасы T0 резисторға, кернеуі U1=80 В қорек көзін қосады және де сол кезде тізбекте тоқтың электрлік тербелістері пайда болады. Резистордың жылусыйымдылығы C=3 Дж/К тең, ал бөлменің температурасы тұрақты боп қалады. Ньютон-Рихман заңына сәйкес резистордың шығаратын жылу, резистор мен қоршаған ауа температураларының айырымына келесі түрде тура пропорционал екендігін ескеріңіздер Pext=α(TST0), мұндағы Pext — беттік жылу температурасы TS болатын өткізгіштің беттік энергия жоғалту қуаты, T0 — бөлме ауасының температурасы, α — жылу шығарғыштық коэффициенті деп аталынатын белгілі бір тұрақты.
А) Жылу шығарғыштық коэффициенті α табыңыз және есептеңіз;
Б) t=0 уақыт мезетінен бастап резисторды қыздырған кезде, оның температурасы келесі заңдылықпен өзгереді T(t)=A1+A2ebt. A1,A2 және b табыңыз;
В) Резистор кедергісінің бірінші ыршып, секірмелі өзгерісі орын алатын, t1 уақыт мезетін анықтаңыз;
Г) Температураның орныққан тербелістерінің τ0 периоды неге тең?
Д) Резисторда, тербелістің бір периодында қандай мөлшерде Q джоульдік жылу бөлінеді?
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: