Processing math: 68%

Республиканская олимпиада по физике 2014, 10 класс, теоретический тур


Бейсызық резистор (11.0 ұпай) Тәжірибелер нәтижесі, белгілі бір бейсызық кедергі келесі қасиеттерге ие екендігін көрсеткен. Резистор температурасын арттырғанда, T1=100 С-де оның кедергісі секірмелі түрде R1=50-ден R2=100 Ом-ға дейін өзгереді, ал кедергінің кері секірісі азырақ T2=90 С-ға тең температурада байқалады. Кедергінің жылусыйымдылығы жеке өлшеніп, C=4 Дж/К-ға тең болған. Бастапқы t=0 уақыт мезетінде резистордың температурасы T0=20 С-ға тең және оған U=10 В кернеулігі бар қорек көзін қосады. Резистор балқып не қызып кетпес үшін, оны жылдамдығы тұрақты PQ=4 Дж/с болатын, кедергіден жылудың алшақтауын қамтамасыздандыратын желдеткішпен салқындатып отырады. Желдеткіштің келесі түрде жұмыс жасайтын термиялық көрсеткіш құрылғысы (датчик) және таймері бар. Резистордың температурасы Tcr=110 С-ға жеткен бойда, τ=1,5 мин уақытқа желдеткішті іске қосатын термиялық құрылғы (датчик) іске қосылады.
А) Резистор кедергісінің бірінші секірісі болатын, t1 уақыт мезетін анықтаңыз;
Б) Желдеткіштің бірінші косылуы болатын, t2 уақыт мезетін анықтаңыз;
В) Уақыт өтуіне байланысты жүйеде температураның периодтық түрде өзгеруі пайда болады. Резистордың осындай ауытқуларда болатын ең аз Tmin температурасын табыңыздар;
Г) Температураның орныққан ауытқуларында \tau_0 периоды нешеге тең?
Д) Резисторда, тербелістің бір периодында қандай мөлшердегі джоульдік жылу Q бөлінеді?
Е) t=0 мезетінен екінші тербеліс периоды аяқталуына дейін, резистордың T температурасының t уақыттан тәуелділік графигін тұрғызыңыз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: