Республиканская олимпиада по физике 2014, 9 класс, теоретический тур


Ғарыштық оқиғалар (11.0 ұпай)
А) Дене Жер маңында, оның бетінен $h=250$ км биіктікте дөңгелек траектория бойымен қозғалады. Оның $T_1$ айналу периоды мен $\vartheta_1$ жылдамдығы қандай?
Б) Жердің бетінде тұрған денеге жердің тартылыс өрісін жеңіп, оны біржола тастап кету үшін қандай ең аз $\vartheta_2$ жылдамдық беру керек?
В) Жердің бетінде тұрған денеге күн жүйесінен тыс біржола шығып кету үшін, қандай ең аз $\vartheta_3$ жылдамдық беру керек?
Г) Дене жер бетіне жылдамдығы нөлге тең болатындай күн жүйесінен тыс нүктеден құлайды. Жермен соқтығысқан кезінде дене қандай ең үлкен $\vartheta_{\max}$ жылдамдыққа ие бола алады?
Д) Г) пункт шартында массасы $m=10^4$ кг дене Жермен соқтығысады. Жердің Күнді айнала қозғалу периодының жаңа $T_{E}^{\text{\text{new}}}$ мәні қандай болады? Жер атмосферасының әсерін ескермеуге болады. Есепті шешуде сіздерге келесі кестелік мәндер қажет болуы мүмкін:

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: