Республиканская олимпиада по физике 2012, 10 класс, теоретический тур


Электрлік дилемма (8 ұпай)
Суретте көрсетілген электрлік схема құрастырылған. Схемада екі тұрақты $R_1=3$ Ом және $R_2=1.5$ Ом резисторлар, орнына әртүрлі құралдар орналастыруға болатын $X$ элементі бар. Схема түгелімен өзгертуге болатын тұрақты $U_0$ кернеуге қосылған және схеманың ішкі кедергісі өте аз.
1. $X$ элементінің орнына $R=3$ Ом резистор орнатылады. Егер кернеу $U_0$, $3$ В пен $36$ В арасында өзгеретін болса, резистор арқылы өтетін минималды және максималды ток күшін табыңыз; (1 ұпай)
2. Вольтамперлік сипаттамасы суретте көрсетілген сызықтық емес элемент $X$ элементінің орнына орналастырылады. Егер ток көзінің кернеуі $U_0=18$ В болса, $X$ элементі арқылы өтетін токты табыңыз; (2 ұпай)
3. Вольтамперлік сипаттамасы суретте көрсетілген сызықтық емес элемент $X$ элементінің орнына орналастырылады. Ток көзінің кернеуі $U_0$, $30$ В-қа артып, кейін 0-ге дейін төмендейді. $X$ элементі арқылы өтетін токтың $U_0$ кернеуге тәуелділігін бір графикте салыңыз. (3 ұпай)

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: