Республиканская олимпиада по физике 2011, 11 класс, теоретический тур
Қыздырғыш (7 ұпай)
Үй, желіден $P=10000$ Вт қуатпен тұтынатын, тура Карно циклімен жұмыс жасайтын жылу машинасымен жылытылады. Суытқыш ретінде атмосфералық ауа, ал қыздыргыш ретінде үй ішіндегі ауа қолданылады. Қоршаған ортаның $T_{01}=5,0^{\circ}$ С температурасында қандай-да уақыттан кейін үйде $T_1=25,0^{\circ}$ С температурасы орнығады. Жылу шығыны үйдің ішіндегі және одан тыс жердегі температура айырымына пропорционал екендігін ескере отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
посмотреть в олимпиаде

- Бір тәулік ішінде бөлме қанша жылу жоғалтады?
- Қоршаған орта ауасының температурасы $T_{02}=-5,0^{\circ}$ С. Бірнеше уақыттан кейін, үйде қандай $T_2$ температурасы орнайды?
- Жылу машинасын Карно цикліне қарама-қарсы қосты. Бірнеше уақыттан кейін, үйде қандай $T_3$ температурасы орнайды? Қоршаған орта температурасы $T_{01} =5,0^{\circ}$ С;
- Осындай екі жылу машиналары қондырылды, әрбіреуі қуаты $P=10000$ Вт болатын желіге байланысқан және олар каскадты принцип бойынша жұмыс жасайды (бір машинаның жылытқышы екінші машинаны суытады). Қоршаған ауаның қандай $T_{04}$ температурасында бөлме температурасы $T_1= 25,0^{\circ}$ С болып қалады?
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.