Республиканская олимпиада по физике 2011, 10 класс, теоретический тур
Өткізгіш сфера мен жазықтық арасындагы әсерлесу күші (8 ұпай)
Атомдық микроскопияда кездесетін қиын мәселенің бірі, радиусы R өткізгіш сфера мен V потенциал және потенциалы нольге тен жазықтық арасындағы күшті анықтау болып табылады. Денелер арасындағы арақашықтық h0 (суретті қара). Күшті табу үшін, айталық шағылу әдісін біртіндеп қолданамыз.
посмотреть в олимпиаде
Атомдық микроскопияда кездесетін қиын мәселенің бірі, радиусы R өткізгіш сфера мен V потенциал және потенциалы нольге тен жазықтық арасындағы күшті анықтау болып табылады. Денелер арасындағы арақашықтық h0 (суретті қара). Күшті табу үшін, айталық шағылу әдісін біртіндеп қолданамыз.
- Сфера беті потенциалы V эквипотенциал бет болатындай етіп, q0 зарядын сфераға орналастырамыз. Өткізгіш жазықтықтың бар екендігін ескермей, q0-ды V және R арқылы өрнектеңіз;
- Өткізгіш жазықтықтағы q0 зарядтың кескінінің q1 зарядын және h1 орналасу күйін анықтаңыз;
- q1 зарядының бар болуы сфераның эквипотенциалдығын бұзады. Бұл жағдайды сфераның ішіне баска q2 зарядты орналастыру арқылы шешуге болады, бірақ бұл кезде q0, q1 және q2 зарядтарының қорытқы үлесі өткізгіш сфераның эквипотенциалдығын қайта калпына келтіруі қажет. q2 заряд шамасын және оның h2 күйін анықтаңыз;
- q2 зарядының кескінін табу үшін b) пунктін қайталаңыз (оны q4 деп белгілеңіз), одан кейін q3 зарядының кескінін анықтау үшін с) қайталаңыз (оны q4 деп белгілеңіз). h2n және h2(n+1), q2n және q2(n+1), q2n+1 және q2n, n=0,1,2... арасындағы ортақ байланысты анықтаңыз;
- Өткізгіш сфера мен жазықтық арасындағы қорытқы әсерлесу күші шексіз қатар ретінде анықтаңыз;
- Алдыңғы е) пунктіндегі күш V=V0, R=1.0×10−8 м, және h0=5.0×10−8 м мәндерінде 1,1×10−12 Н деп болжап, күшті V=2V0, R=1 м, және h0=5 м мәндерінде анықтаңыз;
- R/h0=1/51 екені берілген. Алдыңғы (е) пунктіндегі күшті ∼1%-ға дейінгі дәлдікпен анықтау үшін, қатардың қанша мүшесін алу қажет.
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.