Областная олимпиада по физике 2014, 10 класс, теоретический тур


Жабық вертикаль орналасқан цилиндр, герметикалық түрде поршеньмен екі бөлікке бөлінеді. Поршеннің екі жағында массалары тең бірдей газ орналасқан. Бастапқы мезетте жоғарғы бөліктің көлемі төменгі бөліктің көлемінен $n$ есе артық, ал температура барлық жерде бірдей және ол $T_0$-ға тең. Цилиндрдің екі бөлігіндегі газдың да температурасын $T_1$ мәніне дейін арттырады. Цилиндр қабырғалары мен поршеннің арасында үйкеліс жоқ деп есептеп, цилиндрдің жаңа тепе-теңдік күйіне сәйкес келетін жоғарғы және төменгі бөліктердің көлемдерінің қатынасы $n'$ мәнін табыңыз. (7 ұпай)

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: