Областная олимпиада по физике 2013, 11 класс, теоретический тур
Екі ұзын, тегіс, параллель, горизонталь және өткізгіш штангаларда массасы $M$ өткізгіш $\Pi$ жалғастырғыш (перемычка) жатыр (1-сурет). Штангалардың арақашықтығы $l$. Кедергісі $R$ резистор және ажыратылған $K$ кілт арқылы штангаларға тұрақты ЭҚК-і бар батарея қосылған. Штангалар, $B$ индукциясы бізден, сурет жазықтығына перпендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісінің аймағында орналасқан. Кілтті тұйықтағаннан кейін орныққан режимде жалғастырғыш (перемычка) $\vartheta_0$ жылдамдыққа жетеді. Батареяның ішкі кедергісін және штангалар мен жалғастырғыштың (перемычка) кедергісін ескермей, кілтті тұйықтағаннан кейін бірден жалғастырғыштың (перемычка) үдеуін анықтаңыздар. (8 ұпай)
посмотреть в олимпиаде
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.